• Біздің парақшалар:
  • Айдос Бектеміров

Еңбек жолы:
Актер
Туған күні:
26 мамыр, 1950
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Бектемір Айдос Жұмаділдәұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері

1950 ж. Қарағанды облысында Шет ауданы Қарғалы ауылында  дүниеге келген.

1967-1969 жж. республикалық Эстрада-цирк студиясын көркемсөз жанры артисі мамандығы бойынша оқып-бітірді.

1969-1970 жж. «Қазақконцерт» бірлестігінде, 1970-1972 жж. Орталық Азия Әскери округының  ансамблінде, 1972-1973 жж. Республикалық эстрадалық «Гүлдер» ансамблінде  қызмет етті.

1978 ж. Мәскеудің Щепкин атындағы Театр училищесін бітірді. Осы жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің жолдамасымен еңбек жолын Торғай облыстық музыкалық драма театрында бастап, көп ұзамай Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының актерлік құрамына қабылданды.

2003ж. бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында еңбек етеді.

 

Дереккөз: Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Мезгілсіз махаббат (мини-сериал)

2017, Актер

Рейтинг: 10

Дауыс саны: 1

Құнанбай

2015, Актер

Рейтинг: 7,5

Дауыс саны: 2

Әке серті (сериал)

2013, Актер

Рейтинг: 2,75

Дауыс саны: 8

Біржан сал

2009, Актер

Рейтинг: 5,833

Дауыс саны: 6