• Біздің парақшалар:
  • Рымбек Әлпиев

Еңбек жолы:
Режиссер
Туған күні:
25 тамыз, 1953
Туған жері:
КСРО
Өмірдерек:

Рымбек Нығметұлы Әлпиев - 1953 жылы 25 тамызда Қырғыз КСР Фрунзе қаласында туған.

Әкесі - Әлпиев Нығмет (1898-1961), Қырғыз мемлекеттік университетінің оқытушысы болып жүмыс істеген. Анасы - Әлпиева Раушан, зейнеткер, әлеуметтік салада жұмыс істеген.Ленинград мемлекөттік театр, музыка және кинематография институтының театр және кино режиссурасы факультетін бітірген (1981), кинорежиссер.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2003 жылдан).

1980 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері. 1990 жылдан - кәсіпкер, «Турказ» БК. 1997 жыл- дан - ҚР Президентінің телерадиокешенінде жұмыста.

2002 жылдан - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰКРМҚК бас директорының бірінші орынбасары.

2008 жылдан бері - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ойын киносы бірлестігінің директоры.

КСРО Кинематографистер одағының басқарма мүшесі.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001). Бүкілодақтық кино байқауы сыйлығының лауреаты (1983, 1991), X Халықаралық телефорум бас жүлдесінің иегері (Мәскеу қаласы, 2008). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2008).

Жұбайы - Әлпиева Зарема (1980 жылы туған), банк қызметкері. Қыздары - Әлпиева Әлия (1978 жылы туған), Әлпиева.

 

Дереккөз: kk.wikipedia.org

Фотосурет: time.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Біржан сал

2009, Режиссер

Рейтинг: 5,833

Дауыс саны: 6