• Біздің парақшалар:
  • Таласбек Әсемқұлов

Еңбек жолы:
Сценарист
Туған күні:
1 тамыз, 1955
Туған жері:
КСРО
Өмірдерек:

Таласбек Әсемқұлов - Жазушы, кинодраматург, күйші

1.08.1955 Семей облысы Аякөз ауданы «Ақтоғай» теміржол стансасында дүниеге келген.

Проза, сценарий жазу өнерімен пединститутта оқып жүрген студент кезінен айналысқан. 

Республикалық баспасөзде «Атайы», «Кәрі ат», «Арылу» сияқты әңгімелері, «Шымдан» повесі және музыканттардың өміріне арналған «Талтүс» романы жарық көрген.

«Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана», «Тұмар падиша» сынды киносценарийлердің авторы. Сондай-ақ республикалық баспасөзде қазақ және орыс тілінде түрлі әдебиет, мәдениеттану тақырыптарына арналған бірқатар мақалалары жарық көрген.

1973 жылы «Бәйжігіт күйлері» деген жеке гранд-дискі Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан шықты. «Мәңгілік сары» антологияға 20-дан астам, «Қазақтың мың күйі» (2009) антологияға 40-тан астам күйі енген. 2010 жылы Парижден «Таттімбеттің мұрасы» СД-дискі шыққан. 

2014 жылы қайтыс болды.

 

Фотосурет: azattyq.org

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Құнанбай

2015, Сценарист

Рейтинг: 7,5

Дауыс саны: 2

Біржан сал

2009, Сценарист

Рейтинг: 5,833

Дауыс саны: 6