• Біздің парақшалар:
  • Гүлнар Дусматова

Еңбек жолы:
Актриса
Туған күні:
5 қараша, 1964
Туған жері:
КСРО
Өмірдерек:

Гүлнар Дусматова Абдуллақызы (Гульнара Абдулаевна Дусматова) - актриса, тележүргізуші, ҚР халық әртісі, КСРО халық әртісі. 

 С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін 1989 ж. аяқтаған.  

Г. Дусматова киноға 12 жасынан бастап түсті. Оның дебюті Абдулла Қарсақбаевтың "Бандыны қуған Хамит" фильміндегі жас Әйгерімнің рөлі болатын (1979). Сәтті және көрермен көңілінен шыққан осы фильмнен кейін Дусматоваға көп ұсыныс түсті. 1982 жылы дикторлыққа шақырылып, актриса телевидениеде көп жұмыс істеді. Алайда ол киноға түсуді жалғастырып жүрді. 1985 жылдан бастап  "Қазақфильм" киностудиясында қызмет етеді. 

Отыз жылдық еңбек жолында жиырмадан астам сериалдар мен фильмдерге түсті. "Человический фактор" фильміндегі рөлі үшін 1985 жылы бүкілодақтық "Үздік әйел рөлі" деген номинацияны жеңіп алады.   

Г.Дусматова 2000 жылы "Жыл актрисасы" деп танылды. Сондай-ақ ол тек актриса ғана емес, кинофестивалдардың, шоу-бағдарламалардың, үкіметтік іс-шаралардың жүргізушісі де болып табылады. Ол көп жылдар бойына "Азия дауысы" халықаралық музыкалық фестивалінің жүргізушісі болды. 

Гүлнар сонымен қатар әншілік өнерге де жақын. Әртіс музыкалық фестивалдарға, концерттерге қатысады. Соның ішінде "Алматы - менің махаббатым", "Қарағанды - менің жастығымның қаласы" ретро-фестивалдардағы өнерімен есте қалды.  

Қазақстанның Кинематографистер одағының мүшесі (1991). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Фотосурет: Время

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Анажан

2019, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Әруақ

2019, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Келін де адам баласы

2017, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 3

Моя чужая

2016, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Районы

2016, Актер

Рейтинг: 7,4

Дауыс саны: 5

Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман

2012, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Ликвидатор

2011, Актер

Рейтинг: 7,889

Дауыс саны: 9

"А"-ға оралу

2011, Актер

Рейтинг: 5

Дауыс саны: 1

Тоғысқан тағдырлар

1996, Актер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 1