• Біздің парақшалар:
  • Анджелина Джоли

Еңбек жолы:
Режиссер, Сценарист, Продюсер, Актриса
Туған күні:
4 маусым, 1975
Туған жері:
АҚШ
Өмірдерек:

Анджелина Джоли Войт - Голливуд әртісі, режиссер, сценарийші, продюсер, фотомодель, 2 рет "Оскар" жүлдесінің иегері, және де үш мәрте "Алтын глобус" жүлдесінің иегері. 

Анджелина Джоли 1975 жылы 4 маусымда Лос-Анджелесте (АҚШ, Колифорния штаты), атақты американдық әртістердің (әкесі Джон Войт және анасы Бертран Маршелин) жанұясында дүниеге келген. Анджелинаның ағасы бар - Джеймс Хейвен (James Haven Voight). Ата-анасы 1976 жылы ажырасып кетеді. 

Ол кішкентай кезінен актерлікке құмартып өсті. Бірақ оның арық денесі мен қалыптан тыс түрі бұл арманының орындалуына көпке дейін кедергі болып келді. Оның модель болу үшін талпынысы да бастапқыда сәтсіз аяқталған еді. 

Анджелина үш рет күйеуде болып, екі неке де ұзаққа бармады. 1996 жылы 20 жасында "Хакерлер" фильмі бойынша әріптесі актер Джонни Ли Миллерге күйеуге шықты. Бір жылдан кейін ажырасады. 

2000 жылы мамырда актриса тағы бір рет отбасын құрады. Бұл жолы актер Билли Боб Торнтонмен бас қосады. Бұл неке 3 жылға созылды. 

Содан кейінгі жылдарда Брэд Питтпен арадағы қарым-қатынас туралы айтылып келгенімен, екеуі де бұл қауесет туралы ешқандай түсінік берген жоқ. Тек 2006 жылы ғана Джоли Питтен аяғы ауыр екенін айтып, атақты актермен арадағы махаббатын растады.  

Анджелина мен Брэдтің алты баласы бар: ұлдары - Мэддокс Шиван, Пакс Тьен және Нокс Леон; қыздары - Захара Марли, Шайло Нувель және Вивьен Маршелин. Барлық балаларының тегі Джоли-Питт. 2016 жылы екеуінің ажырасатыны белгілі болды.

 

Фотосурет: flickr.comСreative Сommons лицензиясы

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Кунг-фу Панда 3

2016, Актер

Рейтинг: 8

Дауыс саны: 1

Теңіз жағасында

2015, Актер, Режиссер, Сценарист

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Малефисента

2014, Актер, Продюсер

Рейтинг: 8,333

Дауыс саны: 9

Қайсар

2014, Режиссер, Продюсер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Кунг-фу Панда 2

2011, Актер

Рейтинг: 8,889

Дауыс саны: 9

Кунг-фу Панда

2008, Актер

Рейтинг: 9

Дауыс саны: 9