• Біздің парақшалар:
  • Тұңғышбай Жаманқұлов

Еңбек жолы:
Актер, Режиссер, Продюсер
Туған күні:
2 қазан, 1948
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы, Әл-Тарази - актер, театр режиссері, продюсер. Қазақстанның халық әртісі. (1992; 1982 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі), профессор (1979). КСРО Кинематографистер одағының мүшесі (1983).

Алматы өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік факультетін бітірген (1973). Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі, ал 2009-2016 жж. аралығында осы одақтың төрағасы болды. 

Актерлік өнер жолын студенттік кезінен Қазақ драма театрында бастады (1970). 1993 - 2001 ж. осы театрдың директоры әрі көркемдік кеңестің төрағасы болды. 

"Отырардың күйреуі" фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1992). 

Жаманқұлов - концерттік ұжым "Тамашаны" алғашқы ұйымдастырушылардың бірі. Ол 1974 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданып, Қазақ драма театры жанындағы студияда, Алматы мемлекеттік университетінде дәріс оқыды. 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік бойынша сабақ беріп, жеке курс жүргізеді.

2016 жылы "Феникс" фильмін түсіру кезінде мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталды.

 

Фотосурет: Kapital.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Тоқал

2016, Актер

Рейтинг: 4

Дауыс саны: 3

Өкініш

2013, Актер

Рейтинг: 3,75

Дауыс саны: 8

Жаужүрек мың бала

2012, Актер

Рейтинг: 7,375

Дауыс саны: 8

Адасушы

2009, Актер

Рейтинг: 7,429

Дауыс саны: 7

Абай / Abai

1995, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0