• Біздің парақшалар:
  • Гүлзия Белбаева

Еңбек жолы:
Актриса
Туған күні:
27 қараша, 1950
Туған жері:
КСРО
Өмірдерек:

Белбаева Гүлзия, актриса, дубляж және дыбыстау режиссері. Қарағанды облысында шахтер отбасында дүниеге келген. 

Музыкалық мектепті бітіргеннен кейін консерваторияға түспек болады. Бірақ БМКИ-на (ВГИК) қазақ актерлік курсына іріктеу жүріп жатқанын біліп, Борис Бабочкиннің шеберлік сыныбына түседі. 

1974 жылы Бүкілодақ Кинематография институтының актерлік бөлімін аяқтайды. Дипломдық қойылымдарда ойнады: "Отелло" спектаклінде Бьянканы, "Каменный гость" қойылымында Лаураны сомдайды. 

1974 жылы "Қазақфильмге" келіп, осы кезге дейін Ш. Айманов атындағы киностудияның штаттағы актрисасы. 

Ол көптеген фильмдерде рөлдер ойнап қоймай, жүзден астам картинаны қазақ тіліне дубляждауға қатысты. 

Жұбайы - актер, ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Байкенже Әбекұлы Белбаев. Маржан есімді қызы мен Біржан есімді ұлы бар. 

1989 жылдан бастап КСРО Кинематографистер одағының мүшесі. 

 

 

Фотосурет: kazakhfilmstudios.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Абай / Abai

1995, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0