• Біздің парақшалар:
  • Брэд Питт

Еңбек жолы:
Актер, Продюсер
Туған күні:
18 желтоқсан, 1963
Туған жері:
АҚШ
Өмірдерек:

Брэд Питт (Brad Pitt) - Америка актері, продюсер. Толық аты-жөні - Уильям Брэдли Питт (William Bradley Pitt).

Уильям Брэдли Питт Шауни қаласында (АҚШ, Оклахома штаты) дүниеге келген. Мектеп қабырғасында Питт спортпен айналысқан, пікірталас клубына және музыкалық секцияларға қатысқан. Мектепті бітірген соң ол Миссури-Колумбия университетіне түсіп, журналистика және жарнамалық істі оқыған. Алайда университетті тәмамдағаннан кейін Питт мамандығы бойынша жұмыс істемей, актерлік мансабын бастау үшін Голливудке аттанады. Осы жерде ол атын "Брэд Питт" деп өзгерткен. 

Актерлік еңбегі "Даллас" телехикаясындағы рөлімен басталған. 1988 жылы ол өзінің алғашқы басты рөлін "Күннің қараңғы жағы" (The Dark Side of the Sun) фильмінде сомдап шыққан. 

1996 жылғы "Алтын глобус" сыйлығының иегері. 

2002 жылы Питт Дженнифер Энистонмен және Paramount Pictures голливуд киностудиясының басшысы Брэд Грэймен бірігіп Plan B Entertainment продюсерлік компаниясын құрады. 

2000 жылдың 29 шілдесінде Питт Дженнифер Энистонмен үйленіп, 2005 жылы ажырасып кетеді. Көпшіліктің айтуына қарағанда ажырасудың себебі Дженнифердің балалы болғысы келмегендігінен дейді. 

Ажырасу ісіне дейін Питт "Мистер және миссис Смит" фильмі бойынша әріптесі Анджелина Джолимен кездесіп жүрген. Екеуіара қатынастары жайлы ресми түрде мәлімдеген. 2006 жылдың 27 мамырында Намибияда Питтың Шайло Нувель атты қызы, ал 2008 жылдың 12 шілдесінде Францияда Нокс Леон және Вивьен Маршелин атты егіздері дүниеге келеді. Қазір олардың алты баласы бар: ұлдары - Мэддокс Шиван, Пакс Тьен және Нокс Леон; қыздары - Захара Марли, Шайло Нувель және Вивьен Маршелин. Барлық балаларының тегі Джоли-Питт.

2014 жылы "Құлдықтағы 12 жыл" фильміне продюсер болып, "Үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" алды.

 

Фотосурет: Empire

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Дэдпул 2

2018, Актер

Рейтинг: 6,667

Дауыс саны: 3

Брэдтің статусы

2017, Продюсер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Одақтастар

2016, Актер

Рейтинг: 7,667

Дауыс саны: 3

Теңіз жағасында

2015, Актер, Продюсер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Үлкен құнсыздану ойыны

2015, Актер, Продюсер

Рейтинг: 7,5

Дауыс саны: 2

Қаһар

2014, Актер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 2

Кеңесші

2013, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Дүниежүзілік соғыс Z

2013, Актер

Рейтинг: 7,333

Дауыс саны: 3

Аузын кер 2

2013, Продюсер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Құлдықтағы 12 жыл

2013, Актер, Продюсер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 4

Көңілді аяқтар 2

2011, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Аузын кер

2010, Продюсер

Рейтинг: 8

Дауыс саны: 2

Төбелес клубы

1999, Актер

Рейтинг: 9,222

Дауыс саны: 9