- Еңбек жолы:
- Актер
- Туған күні:
- 19 қазан, 1951
- Туған жері:
- КСРО
- Өмірдерек:
-
Белбаев Байкенже Әбекұлы - 1951 жылы 19 қазанда Семей облысы Аягөз қаласында туған. Әкесі - Белбаев Әбек, қызметкер болған. Анасы - Белбаева Мүкім, үй шаруасымен айналысқан. Байкенже М.С.Щепкин атындағы Мәскеу театр училищесінің актерлік факультетін бітірген (1974), драма және кино актері.
Киноға 1974 жылдан түсе бастады.
1974 жылдан бері - "Қазақфильм" киностудиясының актері, актерлер тобының жетекшісі (қазіргі - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ). ҚазКСР Кинематографистері одағының мүшесі (1987 жылдан).
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2003).
Әскери атағы - сержант.
Діни көзқарасы - атеист.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә.Назарбаев.
Хоббиі - спорт, музыка.
Сүйіп оқитын әдебиеті - мемуарлар.
Үйленген. Жұбайы - Белбаева Гүлзия, актриса, дубляж және дыбыстау режиссері. Қызы -Маржан (1974 жылы туған); ұлы - Біржан (1979 жылы туған).
Фильмдерде барлық трюктік эпизодтарды өзі орындайтын аз ғана актерлердің бірі.
Атты каскадерлер тобының жетекшісі ретінде "Көшпенділер", "Қасқырдың сәті", "Мұстафа Шоқай", "Махамбет", "Мангазейге жол", "Моңғол" секілді фильмдерге атсалысты.
Фотосурет: bayterekfilm.kz
Үздік фильмдер:
Қатысқан фильмдері:
Тайталас (мини-сериал)2017, Актер |
Рейтинг: 0 Дауыс саны: 0 |
Тоқал2016, Актер |
Рейтинг: 4 Дауыс саны: 3 |
Қазақша тонау2014, Актер |
Рейтинг: 9 Дауыс саны: 1 |
Ғаламтордағы махаббат2012, Актер |
Рейтинг: 5 Дауыс саны: 1 |
Балалық шағымның аспаны2011, Актер |
Рейтинг: 4 Дауыс саны: 1 |