• Біздің парақшалар:
  • Әмір Қарақұлов

Еңбек жолы:
Режиссер, Сценарист
Туған күні:
11 қыркүйек, 1965
Туған жері:
КСРО
Өмірдерек:

Әмір Болатұлы Қарақұлов

1965 жылы 11 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Қарақұлов Болат Иманбайұлы, консерватория профессоры. Анасы - Тәжібаева Зейфінүн Абдоллақызы, Дизайнерлер одағының ұйымдастырушы хатшысы болып жұмыс істеген.

Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркем институтының режиссура факультетін бітірген (1990), ойын киносының режиссері.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1991 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясының режиссері, 1996 жылдан бері - кинофильмдер продюсері.

«Листья» (1989), «Разлучница» (1991), «Голубиный звонарь» (1993), «Последние каникулы» (1996) фильмдерінің режиссері және сценарий авторы; «Не плачь» фильмінің (2000) режиссері.

Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, хатшысы (2004-2006).

Үздік режиссурасы үшін «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2002). «Разлучница» кинофильмдері үшін Халықаралық кино байқауындағы (Мәскеу қаласы, 1991) «ФИПРЕССИ» сыйлығының, «Голубиный звонарь» к/ф үшін Халықаралық кино байқауындағы (Таормин қаласы, Италия, 1993) бас жүлденің, Токиодағы Халықаралық кино байқауы Алтын жүлдесінің, «Последние каникулы» кинофильмдері үшін Халықаралық кино байқауындағы (Роттердам қаласы, 1996) бас жүлденің иегері.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2008).

 

Дереккөз: kk.wikipedia.org

Фотосурет: np.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Ғаламтордағы махаббат

2012, Режиссер, Сценарист, Продюсер

Рейтинг: 5

Дауыс саны: 1