• Біздің парақшалар:
  • Натали Портман

Еңбек жолы:
Режиссер, Сценарист, Продюсер, Актриса
Туған күні:
9 маусым, 1981
Туған жері:
Израиль
Өмірдерек:

Натали Портман (Natalie Portman) - Израильден шыққан американдық кино және театр актрисасы. Шын аты-жөні - Натали Хершлаг (Natalie Hershlag).

1994 жылы "Леон" фильміндегі алғашқы рөлінен кейін танымал бола бастады. 2004 жылы "Жақындық" (Closer) фильміндегі рөлі үшін "Алтын глобус" жүлдесін, BAFTA және "Оскар" сыйлықтарын алды. Сонымен қатар, "Қарақу" (Black Swan) фильміндегі рөлі үшін "Алтын глобус", BAFTA, "Оскар", "Сатурн" сыйлықтарымен марапатталды. Ол театрдағы рөлдерімен де белгілі. 

"Ева" (Eve; 2008 ж.) атты қысқаметражды режиссерлік жұмысы 65-ші Венеция кинофестивалінің қысқаметраждар конкурсын ашты. 

Портман 1981 жылы Иерусалимде дүниеге келген. Әкесі медицина саласында еңбек етті, анасы қазір қызының агенті. Наталиге үш жас толғанда ата-анасы АҚШ-қа көшіп барады. 4 жасынан бастап бимен айналысып, жергілікті қойылымдарға қатысқан. 2003 жылы Гарвард университетін психология саласының маманы ретінде аяқтады. 

Оның екі төлқұжаты бар: Израиль мен АҚШ азаматтығын қоса алып жүр. Өзі иврит және ағылшын тілінен бөлек, француз, неміс, жапон, араб тілдерін үйренген. 

Портман балет бишісі Бенжамен Мильпьемен 2010 жылы отау құрып, 2011 жылы ұлдарын дүниеге әкелді.  

 

Фотосурет: flickr.comСreative Сommons лицензиясы

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Джон Ф. Донованның өлімі мен өмірі

2018, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Планетариум

2016, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Джеки

2016, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Тәкаппарлық пен жаңылыс және зомбилар

2016, Продюсер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Джейн қолына тапанша алады

2015, Актер, Продюсер

Рейтинг: 5

Дауыс саны: 2

Тор: Түнек әлем

2013, Актер

Рейтинг: 4,5

Дауыс саны: 2

Тор

2011, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Жұлдызды соғыстар: III эпизод: Ситхтардың кегі

2005, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жұлдызды соғыстар: II эпизод - Клондардың шабуылы

2002, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жұлдызды соғыстар: I эпизод - Жасырын қатер

1999, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Леон

1994, Актер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 1