• Біздің парақшалар:
  • Тұрахан Сыдықова

Еңбек жолы:
Актриса
Туған күні:
20 ақпан, 1942
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Тұрахан Сыдықова (Садықова) - Қазақстанның театр және кино актрисасы. 

Алматы облысы, Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Нарынқол халық театрында еңбек етті. Осы театр оның алғашқы өмір және өнер мектебі болды. Халық театры С. Адамбеков пьесасы бойынша қойған «Күн мен көлеңке» спектакліндегі Шоқбике ролі үшін Республикалық байқауда 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, ал, 1963 және 1965 жж. қатарынан екі рет аудандық кеңеске депутат болып сайланды. 

1966-1968 жж. М. Әуезов атындағы академиялық драма театр жанындағы студияны оқып-бітіріп, осы театрға режиссердің көмекшісі қызметіне алынды, 1970 ж. актерлік құрамға ауыстырылды.1979-1984 жж. Республикалық П. Чайковский атындағы музыка училищесінің прима-қобыз класын, 1999-2002 жж. Көкшетау Гуманитарлық-экономикалық университетінің психология факультетін сырттай оқып бітірді. 

Үлкен сахнадағы алғашқы еңбегі М.Әуезовтің «Қарагөзіндегі» Ақбала. «Шыңғыс хан» қойылымындағы Кетбұға жырау ролі үшін актриса дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің жүлдесіне ие болды. 

Кинодағы жолын «Бірге» (реж. Л. Аранышева, 1988) фильмінен бастаған актриса отызға тарта көркем фильмге түсті. 

Белгілі актрисаның шоқтықты еңбегі киносценаршы, режиссер Е. Тұрсыновтың «Келін» көркем фильміндегі Ұмай ана ролі деу керек. «Келін» 2009 жылы Америка Кино Академиясының «Оскар» сыйлығына ұсынылып, үздік тоғыздыққа ілінді. Ал, Ұмай ана ролі үшін актрисаға 2009 жылы Қазақстан Киногерлер Одағының «Құлагер» Ұлттық кино сыйлығы «жылдың үздік актрисасы» аталымы бойынша берілді.

2014 жылы 72 жасында қайтыс болды.

 

Дереккөз: teatr-auezov.kz

Фотосурет: azattyq.org

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Сүт, Қаймақ, Сүзбе

2013, Актер

Рейтинг: 4,5

Дауыс саны: 2

Байқоңыр

2011, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Біржан сал

2009, Актер

Рейтинг: 5,833

Дауыс саны: 6

Келін

2008, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0