• Біздің парақшалар:
  • Айгүл Иманбаева

Еңбек жолы:
Актриса
Туған күні:
15 наурыз, 1977
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева — (15 наурызда 1977 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) эстрада әншісі, актриса.

Орта мектеп кезінен бастап музыкаға жақын болған Айгүл «Баян» класын аяқтап шығады. 

1994 - 1998 жылдар арасында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтті аяқтап шығады. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады. Және де сол уақыт арасында Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады.

2001 жылы Хабар арнасындағы«Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образын алып шығады. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырған Республикалық көлемде өткен әзіл ысқақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады.

Эстрада саласында 1999 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. 2006 жылы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанады.

2011 жылы жеке «А.И» драма театрын ашады.

Сықақшы, продюсер Сәбит Әбдіхалықовпен некеде болған. Оның қазіргі әйелі Алтынай Жорабаева мен Айгүл бірігіп "Тату-тәтті" деген музыкалық дуэт құрды.

 

Фотосурет: ar-aina.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Тeleport (мини-сериал)

2017, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Көзайым (сериал 2017 - 2019)

2017, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Судағы із (мини-сериал)

2016, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Абайлаңыз, сиыр!

2014, Актер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 3