• Біздің парақшалар:
  • Ғани Құлжанов

Еңбек жолы:
Актер
Туған күні:
20 қыркүйек, 1965
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Ғани Әбдуалиұлы Құлжанов – театр және кино актері, Мемлекеттік дәрежедегі іс-шаралар жүргізушісі.

1965 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

1987 жылы Алматы Мемлекеттік «Театр және Кино» институтына КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Шолпан Исабекқызы Жандарбекова және Қазақстанның халық әртісі, профессор Тілектес Мейрамовтың классына қабылданды.

1990 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында ең алғаш М.Мақатаевтың «Қош, махаббат!» қойылымындағы Айбар ролін сомдаған. Сонымен қатар, У.Шекспирдің «Асауға тұсауында» Гортензио, Ж.Аймауытовың «Ақбілегінде» Мұсабай, Ә.Кекілбаевың «Абылайханында» Әбілмансұр, Г.Гауптманның, «Ымырттағы махаббат» спектаклінде Э.Кламрот, Ысқақов пен Шахимарденнің «Қазақтарындағы» Қасымхан, Д.Исабековтың «Әпкесінде» Омар, Қ. Аширдың «Қабыл адам Ата перзенті» спектаклінде Абыл бейнелерін сомдады.

 1998 жылы Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» спектакліндегі Құмар ролі үшін Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанды.

Бүгінде актердің театр қоржынында 50-ден астам рольдер бар.

«Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Өзбекфильм» киностудияларында киноға түсіп, көптеген бейне сомдады. «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке» фильмдеріндегі Жохангир, Диас рөльдері көпшілік қауымның көңілінен шықты.

Ғ.Құлжанов «Азия дауысы», «Жас қанат», «Жұлдыздар құттықтайды» т.б.үлкен байқаулар мен мерекелік іс-шаралардың тұрақты жүргізушісі болып табылады.

2007 жылдың қаңтар айынан бастап Астана қаласының әкімдігінің және Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының шақыруымен театрға актер болып, қабылданды. Сол жылы Астана қаласында жаңадан құрылған Жастар театрының директорлығына тағайындалып, өте іскер, ширақ, талапшыл басшы ретінде танылды. Ғ.Құлжановтың тынымсыз, қажырлы еңбегінің арқасында аз ғана уақыт ішінде драма және қуыршақ театрларының труппасы қалыптасып, 2007 жылдың 5 шілдесінде жас ұжым шымылдығын ашып та үлгерді. Қай жұмысты да тындырыммен атқаратын ол бір жылдың ішінде еліміздің жеті бірдей облысында гастрольдік сапар ұйымдастырып жаңа театрдың көпшілікке танылуына тікелей себепкер болды. 2013 жылдың қыркүйек айына дейінгі директорлық қызметінде Жастар театрының жеткен әрбір жетістігі Ғ.Құлжановтың елеулі еңбегі екені сөзсіз.

 

Мәтін: zhastar-theatre.kz

Фотосурет: info-tses.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Алтыншы бекет

2018, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Той любой ценой

2018, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Ең сұлу

2018, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жараланған жүректер (мини-сериал)

2018, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Тeleport (мини-сериал)

2017, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Жұлдыздар тоғысқанда

2016, Актер

Рейтинг: 3

Дауыс саны: 1

Сговор

2014, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Заговор Оберона

2014, Актер

Рейтинг: 5

Дауыс саны: 1