• Біздің парақшалар:
  • Стивен Спилберг

Еңбек жолы:
Актер, Режиссер, Сценарист, Продюсер
Туған күні:
18 желтоқсан, 1946
Туған жері:
АҚШ
Өмірдерек:

Стивен Спилберг (Steven Spielberg) - Америка продюсері, режиссер, сценариші, актер, монтажшы. Толық аты - Стивен Аллан Спилберг (Steven Spielberg). Спилберг актер Ричард Дрейфусс — оның альтер-эгосы екенін айтып келеді.  

Спилберг Цинциннатиде еврей отбасында дүниеге келген. Әкесі Арнольд Спилберг инженер, анасы Леи Адлер кәсіби күйсандықшы болған. Анасы төрт баласы - Стивен, Энн, Сью және Нэнсиді тәрбиелеу үшін карьерасын тастайды.

Әкесі Стивенге 8 миллиметрлік кинокамераны сыйға тартқаннан бастап, ол кино түсіруге ден қоя бастады. Бірнеше айдан соң Стивен қысқаметражды фильмдер түсіре бастады. Тіпті үрейлі фильмдер де түсіруге тырысты. 12 жасында жасөспірімдерге арналған әуесқой фильмдер байқауына қатысып, "Қашуға жол жоқ" (Escape to Nowhere) деген филльмімен жеңімпаз атанды. 40 минуттық бұл фильмге актерлер ретінде ата-анасы мен қарындастары қатысқан.

1963 жылдың 24 наурызында жергілікті кинотеатрда "Аспан жалыны" деп аталған екі сағаттық фильмнің премьерасы болды. Бұл картинаны Стивен Спилберг бастаған жергілікті мектеп оқушылары түсірген еді. Картинада өзге планеталықтардың ғарыш зообағында ұстау үшін адамдарды ұрлау оқиғасы баяндалады. Фильмге қаржыны оның ата-анасы бөлді: жобаға 600 доллар көлемінде жұмсалған. Анасы түсіру тобын тегін тамақпен қамтамасыз етсе, әкесі декорациялық макеттер жасап берген. 

С. Спилбергтің алғашқы толықметражды фильмі 1971 жылы шықты. Фильмнің аты - "Дуэль". 

Спилберг - актриса Дрю Бэрримордың кіндік әкесі. Режиссердің жұбайы Кейт Кейпшоудың айтуынша, Стивен ұшақтан, лифттер мен тар жабық кеңістіктерден қорқады. Стивен Спилберг - Голливудтың ең бай адамдарының санатына жатады.

Стивен Спилберг кино тарихындағы ең табысты режиссер атанды. Оның қолынан шыққан фильмдердің жиынтық кірісі 10 миллиард доллардан асқан. 

1987 жылы "Оскар" салтанатында Ирвинг Тальберг атындағы наградаға ие болды. Сондай-ақ, 1994 жылы "Шиндлердің тізімі" фильмі үшін "Үздік фильм", "Үздік режиссер" номинациялары бойынша және 1999 жылы "Қатардағы жауынгер Райанды құтқару" фильмі үшін "Үздік режиссер" номинациясы бойынша "Оскар" алды.

 

Фотосурет: flickr.com; Creative Commons лицензиясы

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Хабар

2018, Режиссер, Продюсер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Бірінші ойыншы, дайындал

2018, Режиссер, Продюсер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

ҮМА, немесе Үлкен Мейірімді Алып

2016, Режиссер, Продюсер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 3

Полтергейст

2015, Сценарист

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Юра дәуірінің әлемі

2015, Продюсер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 3

Шпиондар көпірі

2015, Режиссер, Продюсер

Рейтинг: 8

Дауыс саны: 2

Жүз қадамдық саяхат

2014, Продюсер

Рейтинг: 9

Дауыс саны: 1

Линкольн

2012, Режиссер, Продюсер

Рейтинг: 7

Дауыс саны: 1

Тинтиннің басынан кешкендері: Бірмүйіздің құпиясы

2011, Режиссер, Продюсер

Рейтинг: 9

Дауыс саны: 1

Юра дәуірінің бағы ІІІ

2001, Продюсер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 2

Қара киімділер

1997, Продюсер

Рейтинг: 9

Дауыс саны: 1

Жоғалған әлем: Юра дәуірінің бағы

1997, Режиссер

Рейтинг: 6

Дауыс саны: 1

Шиндлердің тізімі

1993, Режиссер, Продюсер

Рейтинг: 7,5

Дауыс саны: 2

Юра дәуірінің бағы

1993, Режиссер

Рейтинг: 7,5

Дауыс саны: 2