• Біздің парақшалар:
  • Майра Омар

Еңбек жолы:
Актриса
Туған күні:
27 қазан, 1958
Туған жері:
Қазақ КСР, КСРО
Өмірдерек:

Омар Майра - қазақ актрисасы. Қазақстан Жастар Одағының лауреаты

Омар Майра Смахқызы 1958 жылы 27 қазанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданында дүниеге келген.

1976 жылы №2 қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы қазақтың М.О. Әуезов атындағы театр жанындағы театр студиясына түсіп, 1978 жылы қызыл дипломмен бітірді. 1978-79 ж.ж. Талдықорған облыстық драма театрының актрисасы.

1979 жылдан – 2009 жылға дейін Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы қызметін атқарған. 2010 жылдың 5 қаңтарынан Астана қалалық Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы.

1994-1996 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірген.

1992 ж. Қазақстан Жастар Одағының лауреаты 2002 ж. «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжінде ұстаздық қызмет атқарды.

 

Дереккөз және фотосурет: kazteatr.kz

ТолығырақЫқшамдау

Үздік фильмдер:

Қатысқан фильмдері:

Біз Сандықтауданбыз

2017, Актер

Рейтинг: 0

Дауыс саны: 0

Өгей жүрек (мини-сериал)

2016, Актер

Рейтинг: 4

Дауыс саны: 1

Құнанбай

2015, Актер

Рейтинг: 7,5

Дауыс саны: 2