• Біздің парақшалар:
  • pецензиялар (барлығы: 410)

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 135

    Не хотел вас расстраивать, подумал, вдруг вы не вернетесь (с)

    "Стартрек: Шексіздік", «Жұлдызды жол»фильмдер желісінің 13- бөлімі. Ғарыш, кеше, астрономия, болашақтың техникасы тақырыбына қызығатын кез-келген адамның сүйікті фильмінің бірі.

    Трейлерін көріп киноның барлық дәмдісін көріп алғандай әсерде болғам. Бірақ, қателесіппін. Себебі кино өте қызықты, әр минутында сізді "енді не болады?" деген сұраққа көмілдіріп сіз күтпеген әсерде жалғасады. Бір сөзбен айтқанда - экшн. Imaxта көргеннің әсері де болар, сол кемеде жүргендей әсерде болдым.

    «Жұлдызды жол» киносының тұрақты көрермені болмасамда кино менің көңілімнен шықты. «Энтерпрайз» кемесінің іші адамды таңқалдырмай қоймайды, кеменің мүмкіндіктері, әдемілігі, жабдықталуы кез-келген техниканы ұнататын адамның көңілінен шығары сөзсіз.

    Кино актерлары да сәтті таңдалған, бәрі өз орнында, бәрі өз рольдерін жақсы алып шыққан. Сізді шынымен ғарышта екеніңізге сендіре алады. Әсіресе жас актриса София Бутелла бірден көзге түседі, өмірде қарапайым бір жуас сияқты көрінсе, кинода өте дерзкий (қазақша аудармасы қыздың сипатын ашпайды). Антон Ельчин, өзін жақсы көрсете алған, өкінішті өмірден ерте кеткені.

    Стартрек: Шексіздік - адамды ғарыш әлеміне одан ары қызықтыра біледі. Жаңа әлеммен танысып, олардағы жаңа тіршілік иелерін көргің келе береді. Мүмкін болашақта бізде ғарыш кемелерінде осылай өмір сүрсек менің Энтерпрайздың ішінде болғанымды қалар ем :). Бағам 9/10.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 135

    Шыны керек, трейлеріне қарап және Стивен Спилберг болғасын мүлдем басқа нәрсе күтіп ем. Үмітім ақталмады, әрине киноның идеясы жақсы, әдемі кадрлар. Бірақ, кино тым ұзақ, ортасында өзіңнің жалығып кеткеніңді түсінесің. Оқиғасы түсініксіз, киноны басынан бастап көріп отсаң да бас жағында бірнәрсені жіберіп алғандай әсерде отырасың. Оқиғаның даму желісінен гөрі картинаның әдемілігіне көп мән беріліп кеткен сияқты. Себебі, картина өте әдемі, тіпті көзіңді ала аламайсың. Оқиғаның "кульминациясы" қашан болады деген оймен отырдым. Уау, дейтін әсер болмады.

    Софидің ролін сомдаған қыз сүйкімді. БДВ сондай мейірімді, дегенмен великандардың тарихы ашылмаған. Неге БДВ ғана жұмыс істеп үйде тұрып, қалғаны неге далада жатады? БДВ деп атап кеткен баланың кім екені белгісіз және оның ағылшын патшайымдарына қатысы не? Сұрақтар көп.

    Ағылшын патшайымымен болған оқиға ұнады, бірақ бір түрлі көрінді. Ертегі фильмге шынайы өмірдегі адамдарды араластыру идеясы жақсы шығар, бірақ үйлеспеген.

    Балаларға БДВның ұнайтыны сөзсіз, бір жағынан адамның қиялында ерік бар ма? Мүмкін, атыс-шабыс көргенше бір уақыт біз сияқты балалықтарында ертегіге сенгендері дұрыс шығар...

  • Batyrbek Alimzhan

    Барлық рецензиялар: 1

    Уоркрафт (Варкрафт емес). Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Киностан әкімшілігі фильмнің қазақша атауын УОРкрафт қылып өзгертсе деген ұсыныс бар. ВАР - орыс тілінің өзіндік ерекшелігіне бейімдеп айтқан сықпыттары. Біздің тілде түпнұсқадағыдай етіп (соған барынша жақын) дыбыстауға еш кедергі жоқ деп ойлайм. Тем более, совет кезінде шығып, цементтеліп қалған термин емес. [Доктор Ватсон – Эмма Уотсон дегендегі айырмашылық жайлы естіген боларсыздар]

    Енді фильмнің өзіне келсек.

    Көпшілігіміз білетіндей, аталмыш фильм Blizzard Entertainment компаниясының шығарған Warcraft ойындар сериясының негізінде түсірілген болатын. Өз басым ойынды соншама көп ойнадым жəне керім ойнадым деп айта алмайды екем. Бірақ, достарым ойнаған болатын. Өзім ойнағаннан гөрі олардың əскер жинап, бір-бірімен соғысып жатқандарын сырттай бақылайтынмын көбіне. Жалпы, ойынның идеясы, құрылымы, дизайны маған ұнайтын. Бұл айтып отырғаным осыдан 12-13 жыл бұрынғы нұсқасы. Одан кейін сан рет жаңартылып, жетілсе де, ойынның негізгі оқиғасы, басты кейіпкерлері аса қатты өзгеріске ұшырамаған, қателеспесем.

    Фильмнің сюжеті, арнайы эффектілер, персонаждардың барынша шынайылығы (яғни, ойындағыдай келбет, дауыстары) - барлығы ұнады. Керемет үйлестірген. Тіпті, грифон да дəл ойындағыдай. Көктен түсірілген кадрларда ұрыс алаңдарын кезекпе-кезек көрсеткен кезде сол баяғы компьютерде ойнап отырып, мышкамен бір орыннан екінші орынға ауысып отырғандай əсерде болдым.

    Фильмді қарап болғаннан кейін де оқиға желісі əлі бітпеген, тіпті ортасына да келмеген сияқты боп көрінді маған. Кем дегенде трилогия күтем. Күткенде асыға күтетін жанкүйерлер тізімінде болам деп шештім.

    Эх, Дуротан, Дуротан (Н емес. :) ).

    Нағыз еркек, нағыз орк!

    Ойынды бұрын-соңды ойнап көрмегендер 10/10 деп бағаласа, осы ойынның нағыз майталмандары толық көңілдері толмай 7/10, 8/10 деген баға беріп жатыр дегенді естігем. Олардың пікірінше, сюжет желісі ойындағыдай емес, ауытқып кетіпті-міс. Кей маңызды кейіпкердер де тыс қалып қойған дей ме...

    Режиссері Данкан Джонстың осыған дейін түсірген шығармаларынан «Исходный код» (Source code) фильмін ғана біледі екем. Маған ондай қатты ұнамаса, атап өтуге тұрарлық туынды деп бағалаған болатынмын.

    Музыкасы: Әйгілі «Тақтар ойынының» саундтрегін жарыққа шығарған Рамин Джавади осы Уоркрафттың да музыкасын да жасағанын білген кезде таң қалмадым. Білікті маманның ісі екені бірден білінді.

    Айтпақшы, Америкада прокатқа біздегіден гөрі кеш шықты, яки бір апта бұрын. Еуропаның кей елдері мен Ресей (+Қазақстан), Филиппинде екен ертерек шыққаны. Көптеген батыс киносыншылары негатив баға беріп жатыр дейді. Мұхиттың арғы жағындағы қарапайым көрермен не айтатынын Солтүстік Америкалық прокатқа шыққаннан кейін білетін боламыз. Прокат әлі де жүруде. Орыстілді прокатта керісінше өте жоғары бағаға ие болыпты. Мен де сондай жоғары баға берушілердің қатарындамын.

    9/10

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 135

    Кейде маған мынандай сұрақтар келеді "біз неге өмір сүріп жүрміз?", "біздің мақсатымыз не?" деген сияқты. Енді оған тағы бір сұрақ қосылды "мен кімнің проекциясындамын?" деген. Бұл сұрақтың бәрі бүгіннен бастап кинотеатрларда көрсетілетін "Алдау иллюзиясы 2" киносын көргесін туындады.

    Кино жайлы көп нәрсе айтуға болады, бірақ бір көргенге жетпейді. Алдау иллюзиясын көрген адамдарға бұл тағы бір ерекше туынды болары сөзсіз. Себебі, кинодағы адамдарды ғана емес сіздің де санаңызды алдап тастайды. Өз көзіңізге өзіңіз сенбейтін жағдайға жетесіз.

    Сонымен, алдыңғы бөлімде ірі магнатты алдап, бір адамды түрмеге отырғызған 5 всадникті (иллюзианистерді кинода солай атайды) бұл жолы басқалар алдап торға түсірмекші болады. Киноның эффектісі, идеясы ұнады. Әсіресе Атластың жаңбырмен жасаған трюгы ерекше болды. Керемет! Өмірде шынайы осындай магияны көргім келеді. Кеше бізге Chaplin MEGA Parkта Жеңістің көрсеткен трюгыда ерекше болды. Кубик-рубикті 2 секундта жинап тастады. Чипты ұрлауға барған кездегі бәрінің картамен жасаған трюктары да ұнады, ерекше. Негізі өмірде керек нәрсе, осындай ептілік ешкімге артық етпес еді.))

    Киноны көріп отырып, өзің туралы ойланып кетесің, мүмкін бізді де біреулер осылай алдап жүрген шығар иа. Дегенмен, всадниктер өздері Робин Гуд сезінеді. Негізі кинодағы трюктарды көру керек.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 135

    Кино- триллер тақырыбында жақсы шыққан. Әсіресе, Анна Чиповскаяның мінсіз актерлығын тамашалай аламыз. Мықты журналист-фотограф Сашаға жігітінің өлімі ол байқамаған біраз құпияның бетін ашты... Жігітінің ол ойлағандай періште болмағаныын түсінеді...

    Маған ұнағаны: 1. Кино сценариі Ресей фильмдері үшін ерекше. 2. Суретшінің түісініксіз суретінің QR код болып шығуы ұнады. 3. Киноның соңына дейін кінәлі адамның кім екенін білдірмеу, адамды осы тұста шатастыруы жақсы фишка болған. 4. Анна рөлге сәтті таңдалған. Әдемі, фигурасы жақсы. 5. Петр Федоров екінші планда болса да өзінің харизмасымен адамды жаулап алады.

    Ұнамағаны: секстың тым көп және тым ашық болғаны.

     

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 135

    Фильм қоғамда резонанс тудырмауы мүмкін, бірақ өзіндік айтар ойы бар жақсы фильм. Бұл жерде халыққа берілген ақпарат пен БАҚ өкілдерінің іс -әрекетін жақсы сипаттайды.

    Өзін финанс тақырыбында ас санайтын журналист қарапайым халыққа ақшаларын қайда салу керектігін, мүмкіндікті қалай пайдалануы керектігінен күнделікті ақпарат беріп отырады. Ол өзін халықтың адал көмекшісі санайды, себебі ол халыққа ақшасын дұрыс пайдалануды үйретіп жатырмен деп ойлайды. Негізінде, істің басқаша екенін тек қарапайым жігіт студияны тікелей эфирде басып алған кезде ғана түсінеді. Журналистте, ол бағдарламаны жасаушы топта біреудің сойылын соғып келгендерін, жалған ақпарат таратқандарын сол күні түсінеді. Оларда осы мүмкіндікті пайдаланып шындықтың түбіне жеткісі келеді... Жетеді, бірақ одан қоғамдағы жағдай өзгере ме, белгісіз...

    Биржа, акция, ақша салу тек осы істе мықты мамандарға ғана тиімді екенін түсінуге жақсы себеп. Киноны көріп отырып бір кездері біздегі IPO есіме түсіп кетті. Соңында қарап отсаң қарапайым халық ешқандай пайда көрмеді. Дәл осындай тақыраптағы киноны қарапайым халық көбірек көрсе деген тілек. Себебі біз саяси, экономикалық, заңнамалық тұрғыдан алғанда сауатымыз өте аз.  Киноны көруге кеңес берер ем, қандай да бір іске ақша салмас бұрын ойлануға итермелейді.

    Джордж Клуни мен Джулия Робертстен жақсы тандем шыққан сияқты.

  • Нұржан Сәдірбекұлы

    Барлық рецензиялар: 1

    Бұл сериал егер киносценаристтің қаламынан шықпағанда тамаша роман болар ма еді, мүмкін болмас па еді. Мен В.Гиллиганның бұл сериалын Драйзердің романдарымен салыстырдым. "Американдық трагедия" т.б. реалистік шығармаларымен салыстырдым. Драйзер өз заманында американдықтардың барлық трагедиясын қалай реалистік тұрғыдан бейнелесе Гиллиган да солай қазіргі замандағы американ қоғамын реалистік тұрғыдан бейнелеген. Әрине Гиллиганды американ драматургиясының атасы жолсыз жерге соқпақ салған Драйзердің генийімен салыстыру дұрыс емес болар. Бірақ дегенмен де оқиғалардың шыншылдығы үшін салыстыруды жөн көрдім.

    "Breaking Bad" мені шытырман оқиғасымен ғана емес, ұсынып отырған құндылықтар диллемасымен тартып алып кетті. "Не бай бол, не жоқ бол" , кедейлікті сорлылық деп түсінетін тоғышар қоғамға бақыттың тек байлықта емес екендігін түсіндіргендей. Сериалдың айтатын идеялары өте көп: есірткі саудасы, орта жас кризисі, дүние қоңыздық, ашкөздік, жауыздықпен шектесетін қаттылық, ер мінез т.б. т.с.с. 

    "Мінез"

    Сериалдың бас кейіпкері химия пәнінен сабақ беретін мұғалім Уолтер Уайт. Ол момын, отбасында әйелінің етегінен шыға алмаймын ез, тұрмыс тірлік істерінде қырсыз, қарызға белшеден батқан бейшара. Солай  болып өмір сүріп жүре берер ме еді. Егер өкпе ісігі ауруына ұшырамағанда. Дәрігерлер бірнеше ай немесе жыл өмірі қалғанын айтты. Жазылуы екіталай қатерлі ісік ауруына ұрынған ол бастан кешкен өмірін қайта бағамдап, өзіне мақсат қойды. Қалай болғанда да қалған өмірінде отбасының қиналмай өмір сүруіне жететін ақша табуы керек. Заң шеңберін аттап қылмыс әлеміне өз еркімен кірді, адамшылық шеңберін аттап кісі өлтірді, есірткі жасап сатты. Ауыр ауыр қылмыстың неше түрін жасады. Кінәлі кінәсіз адамдардың жанын қиып, қасапшыдай қолы қанға былғанды. Қылмыс істеуге бұрынғы оқушысы, жас жігіт Джессиді де қатыстырды. Уолтер Уайттың бұрынғы ез, қорқақ мінезінен ештеме қалмады. Дұшпанға жаны ашымайтын, егер достары қателессе оларды аямайтын қатыгез ер мінезді тапты. Наркобарондар, қылмыскерлер, полициялар сол қалада тұратын барлық елдер мұның өзі таңдап алған "Хайзенберг" деген лақап атын естігенде үрке бастады.

    Дүние қоңыз

    Бір бөшкі ақшаны шөл далада домалатып бара жатқан Уолтер Уайт бір қиқоңызға ұқсаттым. Гиллиганның идеясы ма, режиссерлардың идеясы ма білмедім. Бірақ сол бір бейне есімде тастай болып сақталып қалды. Қанша жұртты алдап, отбасын алдап, өзін өзі алдап, қанша жұрттың қанын төгіп жылдар бойы жинап терген дүниесін бір бөшкеге салып алып қайда тығарын білмей бара жатқан... Дүние қоңыз...

    Иірім

    Ақшаны жүздеп, мыңдап емес миллиондап тапты. Есірткі сатып тапқан ақшасын тіпті санаудан шаршады. Бірақ сонда да ашкөздігін қоймады. "Қойдым" десе де бұрынғы қылмыстары әшкере болып қала ма деп тынышы кетті. Қылмыстың иірім батпағынан шығып құтылып кетуу оңай емес екен, ол батқан сайын бата түсті. Ақырында полиция бастығы бажасы мен оның серігінің өліміне себепкер болды. Өзі де сол сыбайлас қылмыскерлерінің құрбаны болды.

    Кім үшін?

    Уолтер Уайттың персонажы кейбір криминалды фильмдерде мафиоздардың "барлығы отбасы үшін", "ең бастысы отбасы" т.с.с. деп келетін түсініктерінің күл талқанын шығарып жалғандығын әшкерелеп бергені. "Өкіл әке" фильміндегі сияқты мафияның отбасы құндылықтарын романтик, идеалистік тұрғыдан көрсету жоқ. Шынында Уолтердің отбасым үшін деп жинаған арам малы отбасына абыройсыздық, бәле мен қасірет әкелді. Ең соңында Уолтер осы қылмыстардың барлығын отбасым үшін жүрмін деп өзін өзі алдап келгендігін, бірақ шынында өзінің нәпсін (альтер эгосын) қанағаттандыру үшін жасағанын ұқты. Арамдықпен, ашкөздікпен басын қатерге тігіп жүріп терлеп тапқан ақшасының оның отбасына түк те керегі жоқтығын түсінді. Бірақ барлығы кеш еді.

  • Ернар Бекенов

    Барлық рецензиялар: 118

    • Крид
    • 2015
    • Рейтинг: 7
    • Дауыс саны: 1

    Роккидің мұрасы

    Әдетте, әп-әдемі франшизаны созғылап, олай да бұлай тартқылап сәнін кетіретіні бар. "Роккидің" спин-оффы шығады дегенде осындай қауіп болғаны рас.

    Бұны тек спин-офф деп қана емес, Рокки хикаясының тікелей жалғасы деп те қарастыруға болады. Өйткені, "итальян арғымақтың" бейнесі кей тұстарында басты рөлдегі Майкл Б. Джорданның өзін алдын орап, алдыңғы орынға шығып кете береді.

    Сильвестрдің орындауындағы өзіміздің чемпион кәрілік шағын жалғыз өткізіп жатыр. Баласы Ванкуверге кетіп қалған (білетін шығарсыздар - "Рокки 5" фильмінде ұлын ойнаған Сейдж шынымен Сталлоненің баласы, 2012 жылы қайтыс болды), маңайындағы жақсы көретін адамдардың бәрі о дүниелік болып кеткен, қарияның өзі де солардың артынан аттанып кетуге кетәрі емес. Алайда кенеттен пайда болған жас боксшы оны бапкерлікке оралуына көндіреді.

    "Рокки" фильмдер сериясы - дәстүр бойынша спорт пен төбелесті, рингтегі жеңісті емес, бірінші кезекте ерік-жігерді, адамның өмірмен күресін дәріптейді ғой. Жаңа фильмді жасаушылар да сол дәстүрді ту ғып ұстап, қалыптастан канонға құрметтерін көрсете білді. Дей тұрғанмен, уақытпен сыналған сәтті амал-тәсілдерге жабысып алмай, фильмге жаңа сарын, ерекше рең беруге тырысқан.

    Басты актерлер өз рөлдерін өз деңгейлерінде алып шықты деп ойлаймын. Картинаға қолданылған музыкалар да керемет. Әсіресе, Роккидің басты әуенін сәл жаңалап, оны сәтті жерінде қолданғаны фильмге ерекше эффект береді. Мен аңғал, қарт Роккиді көргеніме өз басым қатты қуандым. Бірақ ол енді тарих екенін киноның тілімен жеткізеді. Ол аңыз, спорт жұлдызы, бірақ енді жастардың уақыты. Ашық мәтінмен жеткізбесе де, "менің мұрамды қабыл алыңдар, енді ол сендердің сүйіктілерің болуы тиіс" дегендей болады Сталлоне.

    Несі бар, Роккидің мұрагері де сәтті таңдалған секілді. Фильмнің жалғасын көргім келеді.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 135

    "Алиса айнаның арғы бетінде" атты фильмнің кеше Алматыда Есентай СО жабық көрсетілімі өтті. "Алиса айнаның арғы бетінде" - қазақ тіліне аударылған 15 фильм. "Көш жүре келе түзеледі" демекші, киноның қазақша аударымы көңілімнен шыққаны сонша ешқандай кемшілік байқамадым. Бұл жерде режиссер Айжан Жәмшитоваға үлкен рақмет айту керек.   

    Дауысты дыбыстаған актерлар сәтті таңдалған. Әсіресе, эмоциясы көп Джонни Депті Дәурен Серғазин өте жақсы дыбыстаған, керемет! Екінші эмоциясы көп актриса Хелена Бонэм Картерды АйнурБермұхамбетовада жақсы алып шықты. Себебі киноның басты кейіпкері Алисадан гөрі Ирацебета екенін көреміз. 

    "Алиса айнаның арғы бетінде" киносы Алиса тап болған жұмбақ - қызыққа толы әлемінің тұрғындарының өткен өмірлерін баяндайды. Қалпақшы әке-шешесін тауып, Ирацебетаның басының не үшін тым үлкен болғанынан ақпарат аламыз. Мирананың соншалықты мінсіз еместігіне көзіміз жетеді. Айтпақшы, уақыттың адам болғанын білесіз бе? 

    Кино әдемі, түрлі - түсті картина кез-келген адамды өзіне тарта алады. Маған киноның идеясы да ұнады. Адамның уақытты дұрыс түсінбеуі, бағалмайтындығын анық көрсетеді. Қандай жағдай болмасын достық пен жанұя адам үшін ылғи да бірінші орында екенін жеткізе білген.

    Кино 26 мамырдан бастап үлкен экрандардан көрсетіле бастады. Демалысқа шыққан балаңызды қазақ тілді нұсқасына апаруға тырысыңыз, себебі орыс тілді нұсқасынан дыбысталуы кем түспейді. "Қазақ тіліне аударылған киноны көрген бала Джонни Депп қазақ екен ғой, қазақша біледі екен деп ойлайды", - деп Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек айтпақшы қазақша сөйлеуді өзіңнен баста!

  • Ернар Бекенов

    Барлық рецензиялар: 118

    "Өткенді өзгерте алмаймыз - одан тек ғибрат ала аламыз"

    Бірінші "Алиса" әйгілі классикалық ертегіге сүйенсе, екіншісінің атауы ертегі-кітаппен бірдей болғанына қарамастан, сюжеті түпнұсқа дерлік сценарийге негізделіп отыр. Екінші фильмнің сынға ұшырауына да осы жағдай әсер еткен болу керек.

    Басқаларды білмеймін, ертегінің жаңа бетбұрыс алғаны маған ұнады. Түпнұсқа кейіпкерлерді басқа сюжетте, жаңа оқиғалардың ортасында көрген қызық. Фильм сонысымен де ерекше секілді - оны бөлек картина деп те қарастыруға болады.

    Жаңа кейіпкерлерден тек Саша Барон Коэннің орындауындағы Уақыт мырза ғана, қалғандары өзімізге таныс Тим Бертон жасаған әлемнің тұрғындары. Бәрі таныс, тіпті мінез-қылықтарын да білесің. Бірақ бәрібір оларды жаңа қырынан тани түсесің. Бұған да себеп бар: уақытқа сапар шегудің арқасында негізгі кейіпкерлеріміздің өткенін көреміз, тарихына үңілеміз.

    Уақытты басты антагонист деп қате ойлаппын. Ол тепе-теңдікті сақтаушы, сырттай бақылаушы ғана. Әрине, пендешіліктері жоқ емес. Бірақ фильм барысында оның теріс жақтарын ақтап алатын сәттер жетерлік.

    Хелена Бонем Картер сомдайтын Түйетабан патшайымның желісіне ерекше көңіл бөлінген. Бұл кейіпкерге симпатиям бұрынғыдан арта түсті. Қалай десек те, Хелена шебер орындаушы. Қылық та, харизма да жетеді.

    Тағы бір ерекше атап өтуді қажет ететін кейіпкер - Ессіз Қалпақшы. Джонни Депп Тим Бертонның ұсынған кез-келген образын алып шығады ғой. Кейіпкердің санқырлылығын алып шыға алатын жалғыз осы актер деп есептеймін.

    Қай персонажды алма - әрқайсысына жеке фильм арнауға тұрарлық. Олар қалыптастырған образдардан саналуандылықты, санқырлылықты байқайсың. Бәрін біріктіретін бір ертегі әлем бар, алайда әрбірінің ішкі әлемі де бар. Әр кейіпкердің жанына үңіліп, мұқият зерттегің келеді.

    Бөліп-жарғым келмейді ешкімді, бәрі мақтауға тұрарлық. Тағы бір таңғалдырған тұсы - әр кейіпкердің репликаларынан цитата кітапша жасап алуға болады. Әсіресе Уақыт мырзаның сөйлегенінен даналық сөздер ағып тұр.

    "Алиса айнаның арғы бетінде" қазақ тіліне дубляждалған 15-ші фильм. Алып-қосарым жоқ - әдеттегідей жақсы деңгейде аударылған, жақсы дыбысталған. Дубляжбен айналысатын, осы жобаның басы-қасында жүрген үйлестірушілердің әр жоба сайын актерлер ауыстырып отыратыны ұнайды. Бұрын кәсіби дыбыстаушылар қатысып жүрсе, соңғы уақытта көпшілікке белгілі тұлғалар да тартыла бастағаны қуантады. Сосын мемлекеттің ақшасына байланып қалмай, жобаға демеуші болуға сырттан жеке компаниялар тартыла бастағаны бұл бастаманың коммерциялық болашағынан да үміт береді.

    Үлкенге де, кішіге де қызық туынды жарық көрді.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 135

    Х - адамдарды бұрыннан көріп келе жатқан адамдарға бұл бөлімі аздап түсініксіздеу болуы мүмкін. Дегенмен, Х- адамдар тарихының өзгергенін байқауға болады. Кино бұрынғыдай мутанттардың таланттарымен адамды таңқалдыра алады. Тіпті осындай супер қасиет менде де болса ғой деген ойға жетелейді...

    Кинода мутанттардың бұрынғы заманда да болғанын көрсетеді. Адам қай заманда өмір сүрсе де мәңгі өмір сүру мен билік құрғысы келетінін анық байқайсыз. Эпилогта айтылғандай "адамға ерекше бір қасиет беріп көр, ол өзін құдай сезінеді" деген сөздің мағынасы жақсы ашылған.

    Софи Тернер, "Игра престоловтағы" рөлінен аздап ерекшеленеді, дегенмен мен үшін тым әлсіз актриса. Эмоцияны онша көрсете алмайды. Алдыңғы Джейнді сомдаған актриса да стервозность бар еді.

    Кино тым ұзақ, оқиғаның кульминациясына жеткенше сізді аздап жалықтырып алуы мүмкін. "Қаша?", "Не болады?" деген сұрақтар мазалап отырады. Айтпақшы, мутантардан мутант бала туатынын біліп пе едіңіз? Осы бөлімде осы тақырыпты анық көрсеткенін көруге болады. Жалпы, кино жақсы.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 135

    Angry Birdsті ойнамаған қазір бала да үлкен де жоқ шығар иа? Смартфон енді қолымызға тиген кезде жапа-тарғамай осы ойыннан жарысушы ек. Сол ойынның өз оқиғасы және оның мультфильмі болады деп сол кезде ойладыңыз ба? Мысалы, мен ойлаған емеспін. Ал ойынды жасаушылардың ойы болған)))

    Сонымен, кинотеатрларда 12 - мамырдан бастап "Angry Birds енді кинода" атты жаңа мультфильмнің көрсетілімі басталды. Мультфильм өте қызықты, қанық түсті (яркий), әсерлі. Әсіресе өзіме ұқсаған қызыл түсті Редті айтсаңызшы. Мультфильмде ол қалың қасынан ұялса, қыздарда қалың қас қазір сәнде.

    Әр нәрсеге ашулана беретін Редтің өмірінде үлкен өзгерістер пайда болады. Ол мінезінің әсерінен елден алшақ өмір сүруге үйренеді. Солай жалғыз өмір сүре берер ме еді егер көк (жасыл) торайлар болмағанда... Мультфильм қоғамның адамдарды бір ұстаныммен өмір сүруге итермелейтінін анық көрсеткен. Уақыт дәлелдегендей қоғамнан басқаша ойлаған адам ғана жан-жақты мәселені көре алады.

    Angry Birds өте қарапайым, аңғал мультфильм. Оны көргің келе береді. Қандай жаста болмасын балалар оны біледі, сондықтан да оларға да қызық. Мультфильмді жасаушылар әр персонажға өзіне сай мінез, қылық, қимыл бере білген, бұл жағынан олар өз міндеттерін жақсы орындаған. Әр персонаждың өзіндік оқиғасын, ерекшелігін әдемі бейнелеген. Мультфильмді баламен бірге өзіңізде күліп отырып көресіз, себебі күлкілі сәттер мен әзілдер жақсы берілген.

    Менің берер бағам 7/10. Барыңыздар, көріңіздер, көңіл көтеріп қайтыңыздар!

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 135

    Шыны керек, көп киноларға қарағанда комикстар көп қызық. Себебі, адамның фантазиясының шарықтау шегінің жоқ екенін білдіреді. Оған Marvelдің кино түсіру өнерін қосыңыз, кино сапасы адамды қызықтырмай қойдырмайды.  

    Капитан Америка: Азаматтық соғыста мен күткен нәрсе Өрмекші адамның пайда болуы болды. Ол сондай жас, еркін әрі мыжыма. Әрқашан салмақты боп жүретін кек алушылар үшін ол адам төзгісіз көп сөйлегіш. Әрине, ең басты мазалаған сұраған неге Капитан Америка мен Старктың арасындағы жанжал. Оған себеп не? Ең қызығы, екі мықтының ішінде кім жеңіске жетеді? Қара пантераның пайда болуы? Ол кім? 

    Капитан Америка: Азаматтық соғыс бөлімі осы қаптаған сұрақтарға жауап берді. Азаматтық соғысқа себеп жаңа заңнамалардың пайда болуы, заң арқылы кек алушылардың іс әрекеттері бақылауға алынбақшы болады. Дәл осы жерде пікірлер екіге бөлініп, екі жақ пайда болды. Ал, тікелей Капитан мен Старктың арасындағы жанжал ол Старктың әке-шешесінің өлімін жасырудан басталады. Айтпақшы, кім жеңіске жеткенін өзіңіз көріп алыңыз. А то, қызықтың бәрі кетіп қалды деп мені ұрсарсыз))). Ал, қара пантера расымен қызықты. Прям, кек алушылар сияқты ол да әдемі, сымбатты, күшті. Әрі оны сомдаған актер Чедвик Боузман прям лапочка.

    Жалпы, кино өте қызықты, әрі спецэффектілері ерекше. Өзіме сондай қуаныш сыйлады, сізге де ұнарына сенімдімін. Берер бағам 9/10.