• Біздің парақшалар:
  • pецензиялар (барлығы: 413)

  • qwerty0

    Барлық рецензиялар: 2

    Кәдімгі орманды-далаға ұқсайтын Глейд мекені үлкен дуалдармен қоршалған, ал ішінде - дерексіз ересек балалар. Бұл - Джеймс Дашнердің бест-селлері. 

    Ешбір жасөспірім қалай, не үшін онда келгендерін білмейді. Тек аттарын ғана біледі, ал кім екендері естерінде жоқ. Шығудың жалғыз тәсілі -  күніне бір рет қана ашылатын лабиринтті соңына дейін жүріп өту. 

    Спорттқа бейімірек Глейдтіктер "Жүгірушілер" қатарына енеді. Олардың жұмысы - лабиринттен шығар жолды іздеп табу. Бірақ екі кедергі бар:

    1. Лабиринт түн сайын пішімін ауыстырады, кешегі жол - бүгін басқаша.
    2. Түнде Гривердер - механикалық хайуандар - аңшылыққа шығады. 

    30 күн сайын Глейдтіктер қатары толығып отырады: біртүрлі жылдамсаты (лифт) арқылы адам және керек-жарақ жіберіліп отырады. Бір күні Глейд еліне Томас есімді бозбала жіберіледі. Құрты жыбырлап, тыныш отыра алмайтын бала, көп ұзамай Жүгіруші болады. Ғажайып пайда болып, бір күні Томас пен жолдасы Минһо екеуі лабиринтте қалып қойып, таң атқанда аман-есен оралады. Дәл сол күні жылдамсатымен Глейдке соңғы тұрғын жіберіледі, ол - алғашқы қыз - Тереза. Өзімен бірге оғаш жазба әкеледі. 

    "Лабиринтте жүгіруші" суретшісі (Марк Фисичелла) және сазгері (Джон Пэзано) арқасында жоғары баға алуда. Фильм жақсы-ау, алайда Гриверлерге тым аз уақыт бөлінген сияқты. 

    Екінші пландағы актерлер тым белсенді емес, осылайша негізге кейіпкерлерге көбірек назар бөлінген. Уилл Полтер Галлидің - "почти- native" Глейдтік - рөлін сомдаған. Оның келгеніне үш жылдай болып қалған. Галлидің көздегені - лабиринттен шығар жол тапқанша, Глейдтің статус-квосын сақтау. Полтер "Біз - Миллерлерміз" фильмінде ақымақтың рөлін сомдаған болса, бұл фильмде барлығы қарама-қарсы. 

    Әйтседе, арнайы эффектілер мен айналаның оғаштығы үлкен интрига туғызады. Қыз-жігіттердің қалай келгенін білеміз, бірақ "неге" екені фильмнің соңына дейын құпия сақталады. 

    Фильм "Аштық ойындарын" еске түсіруі мүмкін. Бірақ мұнда барлығы басқаша. 

    Алда бізді екі сиквел күтіп тұр. Тек сонда ғана барлық құпиялар жауаптарын табады. 

    Жалпы, фильм ұнады. Артық не орынсыз сәттер жоқ. Қалжыңдар түсінікті. 

    Бағам:

    • Арнайы эффектілер 7.0/10
    • Актерлер 7.5/10
    • Саундтрек 6.5/10
    • Гривер 7.0/10
    • Жалпы 7.0/10
  • Нұрлан Жанай

    Барлық рецензиялар: 1

    Жалпы отандық фильмдердің бәріне баруға тырысамын. Тек өзім ғана бармай достарымды немесе ата-анамды да алып барамын, бұл рет ата-анамымыздың уақыты боп, бірге кино тамашаладық... 

    Кино әдеттегідей бір күтілмеген оқиғадан басталды. Тергеуші қасы жарылып кеткен әйелді тергеп отырады, "Күйеуіңізді сіз өлтірдіңіз бе?" - "Жоқ". Бірақ бас кейіпкер Айман (рөльде Мақпал Исабекова ойнайды) жұбайын аямай сабағанын мойындайды. Содан Айман өз басынан кешіргенін айтып береді. Күйеуі үйленгенше ЕРКЕК боп жүріп, үйленген соң, оңдырмай ұрып-соғып, "малдың образын сомдағанын" толық баяндап береді. Мен оның бәрін тәптіштеп айтсам, сіздер үшін киноны көрудің мәні қалмайды. Киноның сценарийі жалпы жақсы, бірақ адамды кішкене жалықтырады. Бір деммен көріп шыға алмайсыз, арасында Инстаграмды ашып, лайк басып, бір-екі туит жазып үлгересіз. Ал режиссердің ісі сол барлық қазақстандық фильмдердікіндей, асып бара жатқан түгі жоқ! 

    Маған ұнамаған тұстары: Қазақстандық кинолардың көбісі кейінгі уақытта эротикаға өш болуы. Әйел адамның жыныстық қатынасқа түсуі және оның дене мүшелерін көрсетпей де адам тартуға болады. Ата-анаммен көріп отырған маған, кішкене ыңғайсыздау боп қалды. Себебі киноны +16 деген, ал киноның анадай жерлерін көргенде кинотүсірушілердің алдағанын түсіндім. 

    Ұнаған жерлері: 1. АуруханаАурухана қызметкерлерінің жауапсыздығы. Айман орнынан тұрып кеткенін кезекшілікте тұрған медбике байқамай қалады, соның кесірінен бас кейіпкер дәріге уланады. Қазіргі кезде кез келген ауруханада дәл осындай болмаса да, дәрігерлердің көп кемшіліктерін көз көріп жүр.

    2. Көршілер Күйеуі әйелін сабап жатқанда, ести-біле тұра көршілері барып, "қой, демейді", баласы анасына "шаруаң қанша?" деп, беймарал теледидар қарап отыра береді. Қалада көршілердің бір-бірімен қарым-қатынасы жоқтығының салдарынан қоғамда көптеген қылмыстар орын алып жатыр. Себебі көрші деген бұрындары көзің һәм құлағың болатын.

    3. Қатынды сабау, қылмысты суреттеу Әлемде ең көп және белең алған қылмыстың түрі - нәзік жандыларды ұрып соғу. Фильмде осы мәселені жақсы көтерген. Өз басым риза болдым.Әйел адамды ұру - ол еркектің әлсіздігі, басының жасамайтындығының айқын көрінісі.Киноның соңында көрсетілген статистикаға жүгінсек: "Әлемде 10 әйелдің алтауы өмірінде бір рет кинодағыдай зорлық-зомбылыққа душар болады екен. 603 миллион әйел үйінде таяқ жегенін қылмыс деп санамайды".

    4. Спортпен айналысу

    Мейлі, әйел болсын, еркек болсын, спортпен айналысу керектігін әдемі көрсетті. Жақсы мотивация берді. Әрине, күйеуің жынды болса, спортпен айналысып, оны ұрып-соғып, жындымен жынды болудың қажеті жоқ. Бірақ деніміз және жанымыз сау болуы үшін спорт ең дұрыс жол және болашақта дені сау ұрпақ әкелудің кепілі. 

    Ең ұнағаны Мақпал Исабекованың өз рөлін шынайы ойнағаны болды, жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Бас кейіпкердегі Айманның рөлін сомдау үшін физикалық және психологиялық жақтан үлкен дайындық керек. Ал Мақпалға осы рөлі үшін БЕС қоямын. Кино көруге тұрарлық. Отандық кино болған соң, көтермелеп 8 БАЛЛ қойдым.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 137

    Кино сюжеті "банальный" деген шаблонға келетін тақырып, мүмкін мыңдаған кинолардан осындай сюжет көргесін киноның соңы кино басынан белгілі боп отырған сияқты болды. Тақырып айқалап тұрған сияқты болғанымен елдер қадала қалған бір сөз туралы бірде-бір әсерлі дүние жоқ. Миллиондаған адамдар күнде көретін нәрсе. Әрине тек жігіттің кейбір батыл істері болмаса...

    Кинодағы әзілдерді дым түсіне алмадым, нәжіс туралы осыншама қалжың естіп дәл сондай күлкісіз қалжың естімеппін. Әлде менің түсінігім жетпеген қалжыңдар шығар.

    Жалпы бір романтикалық әсерге бөлегенімен, фильмде түйістірілу (стыковка) жоқ сияқты көрінді, бір күнді көрсетіп отырып, ортасынан үзіп тастаған сияқты әсерде отырдым.

    Әрине өмірлік романтиктерге ұнауы мүмкін. Маған ұнағаны Дэниел Рэдклиффтың жасыл сұр көздері ғана сияқты...

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 137

    Бірде менен бір жігіт "миыңның қанша пайызын қолданасың?" деп сұрады. Ойымда түк жоқ "100 пайызын" деп айтып қалдым. Енді ше, ол менің миым болса, еще тек менің ғана миым болса неге мен оны толықтай қолданбайды екем деп ойладым. Кейін оқыған материалдарымнан адам миының тек 10-20 % ғана қолданатынын естіген кезде өзімнің жауабымның да, ана баланың сұрағының ақымақтық екенін білдім.

    Енді сұрақ, сіз миыңызды 100% қолдансаңыз не болатынын ойлап көрдіңіз бе? Мен "жоқ"деп айтар ем, алайды бүгін көрген "Люси" осы сұрақты неге ойланбағанымды түсіндірген сияқты.

    Адам өз миының 30% қолдана алған кезде ол өз денесін толықтай меңгеріп, ауырлықты, жылулықты сезінбейтін күйге түсіп, оның өмірінде не болғанын бәрін есіне ұстайтын жағдайға жетеді. Ал 60% ға жеткен кезде ол өзгелерді басқаруды үйренеді дейді. Ал 100 %  жеткен кезде не болатынын енді ойлаңызшы?

    Люк Бессон ұсынған бұл фильм адам өз миын қаншалықты дәрежеде пайдаланса неге қол жеткізіп немен айналыса алатынын жақсы берген сияқты. Басында Люсиге Анджелина Джоли шақырылған екен, меніңше бұл роль оның ойнауында онша болмас еді, ал Скарлетт Йоханссон тамаша алып шыққан сияқты.

    Наркотик сататын жауыздардың қолына түскен Люси олардың тауар тасушы құралына айналып шыға келеді. Өз намысын қорғамақ болған кезде алған соққысынан ішіндегі наркотиктың ең күшті түрінің көп мөлшері оның денесінде өзгеріске түсіреді. Осы кезден бастап оның миының белгісіз қырлары ашылып ол бұрын адам баласы көрмеген білмеген жәйттарға қол жеткізеді. Ол өзі алған ақпаратты қайда жұмсарын, осыншама біліммен не істеу керектігін білмеген кезде оған Морган Фреман сомдаған ғалым көмек қолын созады.

    Кино төбелес, наркотик, ғылымға құрылған. Киноның ортасында документальный пайдалы фильм көріп көріп отырғандай әсерде қаласыз, бірақ Люсидің іс-әрекеті сіздің қиялыңыздың қайда апаратынын көрсететіндей әсер қалдырады.

    Бәрі жақсы, бәрі үйлесімді. Бір нәрсе ғана маған ұнамады: кейбір адамдарға наркотик арқылы миымның қолданысын арттыра алам деген ой салуы...

    Егер барлық адам миының 100% қолданса онда әлемнің қажеті жоқ, тек шексіздігі жоқ материя боп қалатыныңды түсіндіреді. Кино бір қараған кезде Джонни Депп түскен "Превосходства" киносына ұқсастық бар сияқты.

    Сөз соңында айтарым, кино көруге тұрарлық. Алған әсерім миымда ревалюция жасап кеткендей...

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 137

    Жұмысыңыздағы ең керемет өткен корпартивті көз алдыңызға елестетіңізші. Не болып еді?

    Қайда өткізіп едіңіз, ұялатын жерлері жоқ па?  Байқайм, қызарақтап қалған сияқтысыз. Әлде қымбатқа сатып алған көйлегіңіз бен туфлиіңіз есіңізге түсіп кетті ме?

    Иа, иа бұл кинода сол сіз ойлағандай мен ойлағандай корпатив тақырыбына құралған. Бірақ, тура сіздің күйіңізбен салыстыруға асықпаңыз... Тіпті сіз бастығыңызбен билеген сәттерде жоқ.

    Білмеймін, кино сол тақырыпқа құрылғанымен ол жерде жалпы корпоратив туралы аз ғана көрсетіледі.

    Сіздердегідей керемет, ұзақ тост айтылып сіздің мазаңызды қашырмайды. Бар жоғы корпоратив өткеннен кейін кімнің немен айналысқаны ғана суреттеледі. Себебі, түптеп келгенде қираған офисқа біреу жауап беріп ақысын төлеу керек қой.

    Шынымды айтсам киноның тақырыбының неге олай алынғанын және не айтқысы келгенін түсіне алмадым. Иа, мастар мен ұрсысып қалған әйелдердің іс - әркеттері қызық болғанымен аздап жалықтырады.

    Кино бір көруге ғана жарайды, жәй өзіңіздің корпативті елестетіп, өзіңіздің корпаративтен қайтқан соң не істегеніңізді еске түсіріп қайту үшін. Арасында рас күлетін жерлер бар, бірақ толықтай қуаныш сыйлайды дей алмаймын.

    Жалпы берер бағам 3/10.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 137

    Мультик расымен балаларға арналған, артық ой, адам шошырлық қатыгездіксіз немесе үлкендерге арналған фишкаларсыз түсірілген. Мені қызықтырғаны ұшақтардан адам мінезін, жасын, қылықтарын, дәрежесін бірден аңғаруға болатындығы. Балалардың психологиясы ауыртпалық туындатпайтын әдемі қойылым.

    Мультик желісі: Үлкен спорттан өз жолын тапқан Дасти өзінің ескі ауыл шаруашылығына арналған тікұшақ екенін елемей жүре берер ме еді, егер өзінің ақау берген коробкасы болмағанда...

    Ол өзінің енді жарыста бас жүлделер ала алмайтынын, тіпті ұшу оған аз күнде арман болатынын түсінеді. Сол кезде ол ашуға бой алдырып өзінің мықты екенін дәлелдемек болады, бірақ расымен енді биіктерді ала алмайтынына көзі жеткен Дасти қонар жерге келген кезде байқамай өрт тудырады. Осының салдарынан ескі өрт сөндіруші көліктің іске алғысыз екенін елге көрсетіп қояды.

    Сол кезде ол ұшақтардың да өрт сөндіру жұмысына араласалатынын білгесін ол өрт сөндіруші боп жұмыс атқарғысы келеді. Осыдан бастап ол өзінің өзінің жаңа жолын табады...

    Балаларға өрттің қауіптілігін жақсы көрсете білген сияқты, әрі өрт сөндірушілердің де мықты адамдар екенін жақсы көрсете білген. Осындай "добрый" мультиктер көп бола берсе деген тілек бар, атыс-шабыстан балалар емес менде шаршаған сияқтымын...

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 137

    Бұрындары мультигін көрмегендерге "ниндзя тасбақалардың" кім екенін танытатын кино.

    Ғалымдардың ғылыми жетістіктерінің салдарынан бір крыса мен 4 тасбақа адам құсап жүріп, төбелесіп, сөйлеп, адам сияқты ойланып қана қоймай заманауи техниканы меңгерген мутанттарға айналады. Кино желісі мультфильм желісінен аздап өзгертілген. Себебі, Шреддер мен Егеуқұйрық қас болуы керек еді, бұл жерде ол оқиға басқаша өрбіген...

    Әрине, Хип-попты ұнататын тасбақалар мен әдемі Меган Фокс киноның сәнін кіргізген. Бірақ киноның желісі шектеулі, барлық супер батырларға арналған кинолар желісіндей жұтаң.

    Балалармен барып көретін бір сәттік фильм, біраз күліп көңіл сергітуге болады.

     

  • Abzal SARIYEV

    Барлық рецензиялар: 3

    Керемет емес!

    Тырнақшаның ішіндегі бұл шедеуір фильмнің трейлерін көріп-ақ кереметтей дүние күткенім рас.

    Достарымызбен (аты-жөндерін атамауымды өтінді) попкорн мен пепсидің мол қорымен жарақтанып, кинотеатрдың ең ыңғайлы орындығына елден бұрын тапсырыс беруіміз бен жайғасуымыздың себебі де сол - трейлер еді.

    Мықты комедиялық жанрдағы кино күттік...

    Басталуы қызықты әрі жылдам өрбитін сюжетпен әжептеуір-ақ өрілген фильм - 15-минутта-ақ шеңберден шықпайтын 5-6 кейіпкердің барлық қыр-сырымен қанықтырып тастады.

    Әттең-ай, түрлі интригалы сюжеттік байламдарды әдемі-ақ алып келе жатып, оның шешімін көркем етіп берерде келгенде "жіберіп" қойып отырды.

    Мен Сізге айтайын, бұл фильм - өзіңіз әбден көріп тастаған әдеттегі америкалық отбасында болып жатқан қарапайым отбасылық қарым-қатынастар. Біз мұны білеміз ғой ә?

    Бұл бір - бас-аяғы 2-3 айдың (немесе одан сәл көп) төңірегінде түсірілген, төменгі сапалы сценарийді "күзір" Камеронның сүйемелдеуімен алып шығуы әу баста-ақ мақсатталған, көрерменнің көңілін заңға қайшы келмейтін жалаңаш денемен көмкеру арқылы картинасы құралған - тұзақ фильм.  Сол тұзаққа түсіп қалыппыз.

    Айтпақшы, күлетін жерлері бар, күлдік.

    Тіпті, сылқым сұлу (сырт келбетінің параметрлері ойдағыдай-ақ) Диаздың түсетін фильмі емес еді деп жанымның ашып кеткенін де жеткіземін.

    Режиссерлік (ақталмаған) еңбектің құдіреттілігіне бас ие және бойымдағы кинодан шыққаннан кейінгі тонустық көңіл күйдің әсері әлі де жоғалмағандығын ескере отырып 5 деген баға қоямын-ау.

     

  • Ернар Бекенов

    Барлық рецензиялар: 119

    Марвелдің кезекті комикс экранизациясы 2014 жылдың жазғы блокбастерлер үздігінде көш бастауға әбден лайықты.

    Сюжеттің өрбуі бас қатырар шытырмансыз, бәрі ап-анық. Әзілдер өте көп, бірақ бұл фильмнің жалпы мазмұнына ешбір зиянын тигізбейді. Керісінше, әлгі біртүрлі кейіпкерлердің шынайы, адами бола түсуіне үлес қоса түседі.

    Бәрінен бұрын таңғалдырғаны - Роккет есімді жанат болды. Оның неге екі аяқпен жүріп, адамша сөйлейтініне де сылтау айтылып, себебі айқындалды. Харизмасы мен орынды әзілдері "Фильмнің басты комигі" атағына бірінші лайықты екеніне дәлел бола алады.

    Біртүрлі кейіпкерлер хит-парадын адамға ұқсас тірі ағаш жалғастырады. Ол тек үш сөз айта алады: "Менің атым Грут". Оны дыбыстаған - Вин Дизель. Енді мына қызықты қараңыз: Вин Дизель Грутты әлемнің жеті тілінде дыбыстапты, соның ішінде орыс тілі де бар. Олардың қатарында қазақ тілі болмағаны өкінтті, әйтпесе оның "Менің атым Грут" деген дауысын есту өте қызық болар еді.

    Бұлардан бөлек, түрі адам демесеңіз - тері түстері мен көз қарашықтары сан алуан саналы тіршілік иелерін көресіз. Егер бұлардың бәрі "Неліктен бұлай?" деген сұрақ туғызбаса, фильм сізге де ұнауы тиіс.

    Қазақша дубляждалу сапасы жаман емес. Әсіресе әзілдердің аудармасына көбірек көңіл бөлінген тәрізді. Залдың оң реакциясын сәт сайынғы қыран-топан күлкіден байқауға болады. Осыған дейін аударылған фильмдер арқылы үйреншікті бола бастаған таныс дауыстарды естімедік. Үнемі қайталана бермей, жаңа дауыстардың болғаны жақсы да ғой. Қазақтың кейбір сөз тіркестері мен мақалдарын сәтті енгізіп жібергендері ұнады.

    Ешбір артық ойсыз, тек интертайнмент мақсатта киноға бара қалсаңыз - "Галактика сақшылары" (мүмкіндік болса - қазақшасына) 2 сағат уақытыңыздың қызықты өтуіне себепші болады деп ойлаймын.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 137

    Бала күнімде маған мынандай ой келетін "адамдар сүйгеніне қосылғаннан кейін неге бақытты емес" деген. Әрине көп нәрсені түсіне бермейтінмін, әлі де түсіне бермеймін.

    Тіпті ғашық болып үйленіп, барлық жағынан бақытты адамдарда бұл сұраққа көп жауап іздейді екен... Голливуд ұсынған "Үй жағдайындағы видео" фильмінің негізгі мағынасы осыған кұралған. Күле отырып отбасылық өмірдің мәні тек махаббатта емес түсіністікте, екі адамның бір нәрсені бірге қалауында екенін түсіндіре білген фильм. Тек, кино +18 дерге асқандарға немесе отбасыларға арналғанын  атап өту керекпін. Жаңа танысқан жігітіңіз бен не досыммен барам деу бекер :). 

    Жұбайлық өмірден аралары суып бара жатқан ерлі зайыптылар үй жағдайында өздерінің видеоларын түсіреді. Алайда, видео түсірген түннен кейін ол видео жайлы екеуі де ұмытып кетер еді, аяқ асты келген смс хабарлама болмаса...

    Күйеуі видеоны тек өшіруді ұмытып қана қоймай күйеуі оны замануи программа арқылы өз таныстарына таратып жібереді. Қызықтың көкесі осы жерден басталады... Таралған видео екеуінің карьераларына балта шауып қоймай, бұларды басқа бір әлемде танымал етіп жіберуі әбден мүмкін еді... 

    Өз абыройларын қорғау жолында ерлі-зайыптылар өздері ойламаған батылдыққа барады... Тіпті үлкен бір аты шулы сайттың серверін жарып жібермекші болады....

    Кино өте қызықты, күлкілі. Әрі жұбайлық өмірдің қыр-сырын басты тақырыбына қалай керек екенін үйретеді. Ескертем, тек жұбайыңызбен барыңыз.. Мүмкін, сіздердің естеріңізге біраз нәрсе еске түсер?))

  • Ернар Бекенов

    Барлық рецензиялар: 119

    Әйел - дұшпан. Әйел - өрмекші. Бір шырмалсаңыз, оның тұзағынан шыға алмайсыз.

    Режиссердің айтқысы келгені де осы ма деймін. Әйтеуір маған солай көрінді. Іске аспай қалған армандары (немесе іске асқан, бірақ әйел үшін бәрін ұмытқан) мен мақсаттары үшін өзін екіге бөлген кейіпкер.

    Ойлап қарасаңыз - бәріміздің де басты кейіпкермен ортақ тұстарымыз бар. Тек махаббат (әлде құштарлық) үшін өзгеруге дайынбыз.

    Джейк Джилленхол өзінің шеберлігін тағы бір дәлелдеп берді. Бір фильмде екі адамды, екі мінезді сомдау - қиын, күрделі еңбек екенін біле тұра, оның оң жұмысын бағаламау үлкен қателік болар еді.

    Фильмді бұқаралық кино деуге асықпас едім. Өзінше стиль мен оқиғалар өрбісінің қарқынсыздығы, жалпы атмосфераның тұнжыраңқылығы көрермендер қатарын сирете түсетін шығар. Алайда, оған ден қойып, бар назарын бөлген экран алдындағы әрбір жан өзі үшін бір ой түйері сөзсіз.

    Түйіні де екіжақты, тіпті түсініксіздікке жетелейді. Осы арқылы режиссер, ақырғы қорытуды әр көрермен өзі жасап алсын деген сияқты.

  • rakishevaa

    Барлық рецензиялар: 7

    Мен күткендей қызыыық болмай шықты. Бірақ ұнады. Тәрбиелік мәні бар фильм. Бір көргенге жарайды! Әсіресе кішкентай балаларыңыз болса апарып қайтыңыз :)

     

    P.S. Қазіргі уақытта бұл фильм Астана қаласында, Ханшатыр кинотетрында әлі күнге дейін болып жатыр ;)

  • rakishevaa

    Барлық рецензиялар: 7

    Өте жаман фильм! Егер бағалауда 0 болса 0 қояр едім. Кинотеатрда болып жатқанда бармағандар тек ақша мен уақыт емес, нерв талшықтарын да сақтап қалды. Бір күнііі көргіңіз келіп кетсе де көрмей-ақ қойыңыз!!!