• Біздің парақшалар:
  • pецензиялар (барлығы: 408)

  • Ернар Бекенов

    Барлық рецензиялар: 117

    "Под Сильвер-Лэйк" - жанрлар мен түрлі заман атрибуттары араласып кеткен қызық картина.

    Дэвид Роберт Митчеллдің "Оно" хоррорын көрген адам түсінеді. Оның картинасында белгілі бір уақыт кезеңіне байланып қалу деген жоқ. Кадрдан бір уақытта - әлі біздің заманда шықпаған футуристік бұйымдарды да, тоқсаныншы жылдардың ойын консолін де (Sega секілді), жетпісінші жылдардың музыкасын да, классикалық Голливудтың (30-40 жылдар) стилистикасын да көре аламыз.

    "Под Сильвер-Лэйк"-ке де бәрін аямай тықпалапты. Саспенс, психологиялық триллер, мелодрама, детектив, арт-хаус элементтері бар сюрреалистік қоймалжың сюжетті қарап отырып, бір кезде "блә, не боп кетті?" деп ойлап та қаласың. Ол аз десеңіз - сюжеттің өзегіне конспирология, жасырын қастандық және солардың мәнін ашуға апаратын кілт пен жұмбақ белгілерді ұсынғанда бас кейіпкермен бірге Лос-Анджелесті қалай шарлап кеткеніңді байқамай қаласың. Ал ең жаманы сол - фильм мазмұнына поп-мәдениеттің түрлі өнімдері мен сан алуан кино стилдерін аяусыз тықпалап, саған да солардың бәрін тұтынуға мәжбүрлеп, сол арқылы әр кадрдан, әр көріністен мән іздеткізіп қояды да, ақыр аяғында бұлардың ешқайсысының маңызы жоқ деп бетіңе былш еткізеді.

    Соңында басыңды қасып отырасың: бұл режиссердің осындай стебі ме, әлде шынымен режиссер көп нәрсені қамтимын деп, соңында өзі шатасып, сонша жүкті көтере алмай қалды ма?

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 134

    Ертегі өте әдемі, әрі әсері түсірілген. Фильмді қарап отырып жаңа жылдық сыйқырға бірге еніп кетесің. Өзіме ұнағандарына тоқтала кетсем:

    1. Чайковскидің музыкасы толықтай фильм бойы ойнатылып отыруы және ол ешқандай заманауи өңдеуден өтпей сапалы түрде берілгендігі ұнады. Фильмде ойнатылған музыканың бәрі әсерлі, әсіресе Андреа Бочеллидің баласымен айтқан әні өте жағымды естіледі.

    2. Фильмде балеттің қолданылуы өте қатты ұнады, әсіресе патшалықтың тарихын айтқан кезде балеттің құдыреті жақсы көрсетілген. Балетте отырғандай әсер аласың.

    3. Спецэффектілер өте жақсы қолданылған, ертегі әлеміне сені сендіре алады. Шыршалар, табиғат, патшалықтар жалпы бәрі сәтті суреттеліп, үйлесімді берілген.

    4. Актерлардың костюмдері өте әдемі. Жалпы киімге мән бермей кету мүмкін емес, себебі Клара киген мундирдің өзі өте әдемі, әрі қыз балаға күшті жарасады.

    5. Дубляж. Дубляжда сын жоқ, қазақ тілінде ешқандай тұрпайы сөздер естімейсің, таңдалған дауыстар сондай жағымды. Өте сапалы, бәрі түсінікті.

    Фильмнен жаңалық іздеп барудың қажеті жоқ, бұрыннан өзіміз білетін ертегінің жаңа нұсқасы деп қарау керек. Фильм көбіне Клара туралы болып Шақылдақтың екінші планға ысырылып қалуы біраз ойландырады, бір жағы фильмнің жалғасы болатын сияқты ой қалыптастырады.

    Жаңа жылдық ертегіні сезінгіңіз келсе, фильмді көріп шығуға кеңес беремін. Қазақ тіліндегі нұсқасына балаңызбен барсаңыз тіпті керемет болмақ.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 134

    Әлемдік "Рождественский ангел", ресейлік "Мой парень - ангел" тура осындай мотивпен жазылып, тура осылай аяқталатынын есептемегенде фильмнің жақсы екеніне күмән жоқ. Енді фильмді толықтай көшіріп алды деуге келмес, дегенмен идея тура осы фильмдердегідей. Біздің көрерменге ыңғайлап, біздің өмірге ықшамдап жасағаны ұнады.

    Фильм - көңілді, әрі қазіргі кездегі біздің қоғамда орын алған инстаграм ауруын жақсы көрсеткен. Әрі танымал жұлдыздардың көбі өмірдегі өз рөлдерін сомдауын жақсы қолданған. Фильмның актерлық құрамы толықтай жұлдыздардан құралған. Танымал емес адам кездестіру мүмкін емес.

    Маған не ұнады:

    Бауыржан Сатов. Оның образы ұнады, бірақ оның қыз не транссвестит екенін ажырата алмадым. Дегенмен, Бауыржанның өзгеруі ұнады. Әсіресе көйлекпен, каблукпен талтаңдап жүрген сәті күлдірді. Қимыл-қозғалысы қызық көрінді. Өмірде тым салмақты жігіттен мындай өзгеру күтпеген сияқтымын.

    Индира Еділбаева. Жап-жақсы актриса екеніне сендіре алды. Образдарын өзгерткен кезде, макияждың құдыретін анық байқауға болады. Дегенмен, өте әдемі қыз. Нәзік, әрі аңқау қыздың образы жақсы шыққан.

    Жұлдыздарды қолдану сәттері. Аиша мен Беркуттың өмірінің кейбір сәттері сияқты кездерді әдемі қолданған. Саят Исембаевтың Рекетир образы сәтті қолданған, Айдай Исаеваның әдемі романтикасын көрсете білген. Жалпы осындай моменттерді әдемі бере білген.

    Кенталдың образы ұнады дей алмаймын, алдында "Замуж в 30 лет" фильміндегі образы қайталанған. Тура сондай адам, тура сол образ. Өз ролі үшін ерекше ештеме ұсына алмаған.

    Айым Сеитметова сол вайнер образынан шыға алмай қалған сияқты, дегенмен оның актерлық қабілеті өте жақсы екенін білем. Бірақ, өз ролін бұл жолы толық аша алмады.

    Қысқаша айтқанда фильмде қыздарға таңдалған киімдер мен киіну стильдері ұнады. Әдемі, әрі замануи көрінеді. Стилисттің жақсы жұмысын бірден көруге болады. Әр образ ойланған, әрі бәрі келістірілген.

    Беркуттың киноны қалай түсіру керек, қалай тартымды етуге болады және оны жарнамалау туралы ойы өзгергені анық. Фильмді қиналмай екінші рет көруге болады.

     

  • Ернар Бекенов

    Барлық рецензиялар: 117

    Жанна Исабаеваның кейіпкерлері қашан да қарама-қайшылықтарға толы. "Қаройдағы" Азатты алыңыз, "Нағимадағы" Нағиманы алыңыз - екі түрлі пікір қалыптастыратын адамдар.

    Осы жолы да негізгі кейіпкерлерді екі қырынан көреміз. Бірде жек көріп, лағынет айтып отырсаң, екінші көрініс кезінде жаның ашып, жағдайына түсіністік танытқың келеді.

    Режиссер жұмыстарында кадрдағы кейбір сәттер сендіре алмайтыны рас. Біртүрлі шолақ кесіп тастағандай, айтылуы тиіс ой дөрекі түрде берілгендей болады. Бірақ фильм соңында бәрін қорыта келе, сондай келеңсіз тұстарына кешіріммен қарайсың. Өйткені айтылатын ойдың шыншылдығы сонша, дәл сенің жаныңда болған оқиғадай қалып қояды.

    Ж. Исабаеваны әлеуметтік проблемаларды көтеретін автор деп білеміз. Оның көтеретін мәселелері біздің қоғамның рагына айналған ескі түсініктер мен соның салдары жайында. Ал кейіпкерлер - қоғамның жәбір көруші тап өкілдері. Осы жолғы тематикасы түрлі себептерге байланысты баласын күйеусіз өсіруге мәжбүр болатын әйелдердің ауыр тағдыры екен.

    Ондай адамдарға біздің қоғамда "сайқал" деп, баласына "тексіз" деп қарау түсінігі әлі де бар. Режиссер осы ситуацияны туған-туыстар тұрғысынан беріп көреді.

    Дегенмен Ж. Исабаеваның фильмдерінде әйелдер ерекше рөлге ие. Олар мықты, қайсар, шешуші мәнге ие тұлғалар. "Отвергнутые" (қазақша мағынасы - "шеттетілгендер", "аластатылғандар") фильмінің де басты тұлғалары - әйелдер, солар қабылдаған шешім мен соның салдары туралы.

    Атмосферасы түнерген, оқиғасы қатыгез бұл фильм ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 134

    Мультфильм өз алдына қойған мақсатына жеткен. Кішкентай үшін "интернет деген не?" және "досты қалай бағалау керек?" деген екі сұраққа жақсы жауап берген.

    Болашақ қоры аударған қазақша нұсқасында қарадым. Інілеріме де, өзіме де аударма түсінікті болды. Әр қазіргі кездегі танымал интернет сұраныстарды жақсы қолданған. Әдемі шыққан, әрі дыбысталу сапасында еш мін жоқ.

    Интернет әлемін суреттегендері ұнады, адамды қызықтарды. Бір сәт өзіңді ұмытып, осы бір балалар әлемінің бір мүшесіне ұқсап кеткің келеді.

    Балалар үшін өте күшті жаңалық болары анық, әрі интернетке қатысты сұрақтар қойған кезде осы мультфильмді көрсете салсаңызда болады.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 134

    Фильмның сюжеті бойынша, Ермек әйелінің енесімен бірге тұрғысы келмейтін қыңқылынан кейін ажыраспақшы болады. Достары оны қолдамақшы болып, көңілін аулайды. Дәл осы сәттен бастап Ермектің өмірі күрт өзгереді.

    Кино туралы қысқаша ақпарат:

    1. Кино 16 күннің ішінде түсірілген.
    2. Киноның түсірілу жұмысына, жарнамасына 300 мың АҚШ доллары жұмсалған.
    3. Киноны түсіру кезінде ең қиын сәт кірпіштің милицияның терезесін шағатын сәт, бұл сәтті түсіру үшін 3 көліктің терезесін сындырған.

    Ажырасқан еркектер депрессиядан қалай шығады? Міне, Ермек және оның ажырасу алдында тұрған достары осы сұрақтың айналасында өздерін көрсетеді. Ажырасуға әрқайсысының өз себебі бар. Бірі әйелінің қызғанышын жеңе алмаса, бірі үйінің қарызын жаба алмай ақша табуға шыққан табыскер, үшіншісі екінші отбасын құру үшін өзін мачо көрсеткен еркектер қауымы.

    Кино көруге жеңіл, өзіндік айтар ойы бар. Ажыраспас бұрын баласының бақытын ойлаған ата-ананы, мөлдіреп саған қарап отырған баланы ешқашан ұмытпау керектігін еске салады. Сериалдың толықметражды нұсқасы болғандықтан әр кейіпкер ашылған, қалжыңдары қалыптасқан. Қысқа әрі нұсқа. Кино отбасыңмен отырып көруге арналған.

    Берер бағам 6/10. Кейбір сәттерде бір нәрсе жетіспей тұрғандай күйде болдым. Жігіттердің алғашқы толыққанды жобалары болғандықтан, әлі де шыңдалады деген сенімдемін.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 134

    Әлемнің кинокритиктердің неге көңілінен шықпағанын түсінбедім, себебі фильм жақсы түсірілген, өзінің алдына қойған мақсатын орындай алған.

    Маған ең ұнағаны кинотүсірушілердің фантазиясы. Тіпті осылай болуы мүмкін-ау деп ойламайтын нәрселер бар. Әсіресе Грин-де-Вальдтың түрмеден қашқан сәтіндегі әр іс детально ойластырылған. Каждый эмоция, мимика, әр біс сиқырдың өзі сәтті қолданған.

    Фильмде Ньют Саламандардің неге басты рөлдегі, оның маңыздылығы не де сұрақ толғандырды және ол кім жағында?

    Фильмнің Гарри Поттерге не қатысы бар деп қойылған сұрақтың сыры ашылды. Гарри Поттер көрушілері үшін біраз құпияның беті ашылды.

    Кино өте тартымды, құпиялығы толы. Грин-де-Вальд пен Альбус Дамблдордың ендігі оқиғасы, киноның жалғасын күтуге итермелейді. Кино нағыз кульминациясына енді келген сияқты.

    Жаңадан қосылған персонаждар ұнады. Ньюттың махаббатының әлі де жетпегені ғана көңілсіздік орнатты, дегенмен оның мектептегі сәттерінен біраз ақпарат болды.

    Грин-де-Вальдтың ендігі жоспары қызық, келесі бөлім өте қызықты болатын сияқты. Оның жас кезін сомдаған актер сондай сүйкімді. Джонни Депп қартайса да өз стилінде, өз бабында.

  • Ернар Бекенов

    Барлық рецензиялар: 117

    "Аритмияның" авторлары жасады деген соң ерекше бір туынды күтесің. Жо-жоқ, фильмді жамандайын деп отырғаным жоқ. Тек оқиғасы қарабайыр болып кеткен бе, бірдеңе.

    Динамикасы жоқ, тайгадағы тіршілік секілді тым баяу өрбиді оқиғасы. Мүмкін авторлардың ойлағаны да осы шығар, кім білген. Оқиға дерлік оқиға да жоқ, қиырдағы аңшылар базасының қожайынының қарамағында істейтін ветеринардың бірнеше күндік өмірі. Кейіпкерлерді өзгертетін ірі конфликт, астаң-кестең қылатын әрекет күтесің. Бірақ ондай ештеңе болмайды, деректі деуге жақын бірсарынды көрініс.

    Бірақ актерлердің ойыны, табиғи түсірілім фильмге ерекше әр беріп тұр.

    Басты кейіпкердің характері жақсы жасалған. Өз әлемінен безген - анасын көргісі келмейді, бірақ қиырдағы жалғыз үйде де бөтен адам. Тамақты бөлек ішеді, бөлек үйшікте тұрады. Бұл жерде жасы келсе де әлі өзін таппаған адамды көруге болады.

    Жануарларға, мейлі ол - үй хайуаны болсын, мейлі жабайы болсын - соларға деген адами қатынасты басқа қырынан көрсетеді. Жануарлардың құқы дейміз, бірақ осы лозунгқа барлық жануардың тағдырын сыйғызуға болмайды. Қазір жануарлардың құқығы үшін өңешін жыртып жүргендерге бір сабақ боларлық дүниелер көрсетіліпті.

    Иә, табиғатты, жабайы әлемді қорғау керек. Бірақ олардан алыстап, мүлдем қарым-қатынасты үзуге тағы болмайды. Сондай екіұдай ой туғызатын картина.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 134

    Той тақырыбындағы кинодан жалыққан адам үшін кино сценариі өзгешелік сыйлайды. Киноның аудиториясы көбіне жастарға арналған, жеңіл комедия.

    Сценарий: Көп кинолардан ұқсастық бар. Бір сәтті бір кинодан көрсеңіз, екінші сәтті басқа бір кинодан көргендей әсерде болуыңыз мүмкін. Дегенмен, Қазақстандық кино үшін тақырып тың, әрі қызықты. Әрі Шыңғыс ханның образын басқаша беруі қызықты, өзіміз үйреніп қалған қатыгез Шыңғыс хан қарапайым адам, әрі жәй ғана бір қыздың папасы ретінде көрсетілген. Бірақ, бұрынғы заманда қазіргі заманның сөздерін қолдануы біртүрлі көрінді, әрі кино толықтай орысша болғандықтан келіспейтін тұстары көп.

    Актерлар: Әр ұлттың актерлары түскендіктен кино барынша көп ұлтты Қазақстан халқын жаулап алуға арналған. Ақниет Орынтайдың кинодағы дебюты болғанымен, ол өзіне қойылған талапты жақсы орындап шыққан. Әлия Әнуарбек, төселіп қалған актриса болғандықтан Диананың рөлі сай келген.

    Түсірілім сапасы; Ильхамның алғашқы жұмысы екен, бірақ түсірілім, оқиғалардың ұйқасуы, түсірілімге таңдалынып алынған жерлер жалпы үйлеседі.

    Сөз соңында айтарым, кино үлкен касса жинамасы анық, дегенмен бір көңіл көтеріп қарап шығуға болады.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 134

    • Лифт
    • 2018
    • Рейтинг: 7,5
    • Дауыс саны: 2

    9 деген рейтингті басып жатып өзіме таң болдым. Неге? Фильм ұзақтау, фильмді Нұртас Адамбай түсірді деген жаттанды ойларымды шектеп қойдым. Себебі? Себеп көп, кино бір сөзбен айтқанда жақсы.

    Киноның басталуы, оқиғаның кульминациясына жеткенше сіздің ұйқыңыз келіп кетуі мүмкін, себебі, бос тұрған үлкен здание, шалдың қимыл-қозғалысы аздап ойыңызды басқа жаққа әкетеді. Бірақ, психологиялық триллердің басталуы солай, сізді біраз бос кеңістікпен, бейне бір тыныштықпен алдайды...

    Бір қоғамның екі түрлі әлеуметтік жағдайдағы, өмір қиындығын көп көрген шал мен өмірдің әлі ащылығын сезінбеген жас бала лифтінің ішіне қамалып қалады. 3 күн 3 түн 2х2 метр болатын кішкентай лифтінің ішінде кімнің бірінші психологиясы сыр береді? Кім өз ішіндегі әзәзілін жеңіп, кім өзін-өзі ұстай алады?

    Иісбек Әбілмәжіновтың актерлығы. Бірсәтте өзгеріп, аяқ асты өмір бойы жынды боп жүрген адамның бейнесіне тез ене алады. Сондай жынды бола тұра баласын сағынған, әкелік мейірімін бір сәтте қайта көрсете алады. Өмірден әбден қажыған, құр сүлдері өмір сүріп жатқан адамның обрызына мені сендірді. Негізі бұл кісінің өнерін сөзбен жеткізу қиын, актерлық ойынын тек көру керек.

    Жандос Айбасов. Өзіме ұнайтын, бірнеше жақсы рөлдерін көріп алғасын аяқ асты мақтау ұят шығар. Дегенмен, қорыққан кездегі дірілдеп, көзінің жаутеңдегенін көріп әкесі ұрып тастаған баланың бейнесін анық көресің.

    Жандос пен Иісбек ағаның тандемі сәтті шыққан. Рөльге өте сәтті таңдалған. Шыңғыс Капин Жандостың орынына проба жасап көрген. Нұртастың өзі сценариді жазған кезде Жандосты елестетіп жазыпты, меніңше рөл үшін сәтті таңдалған актерлар.

    Сценарий ұнады. Жаттанды той, бітпейтін ауылдың өміріне келіспейтін бір киноларды қараудан гөрі мына фильмның сценариі өзгеше. Мен ылғи лифтының ішінде қалып қалсам қайтем деген ой мазалайды. Сценаридегідей екі әлеуметтік жағдайдағы адам бір-бірімен ашық әңгімелесіп, өз оқиғасымен бөліскені ұнады.

    Нұртас Адамбайдың өзі түспеген, тек режиссер ретінде қатысқан, әрі салмақты фильмі болғандықтан оған деген ойым өзгере бастады. Меніңше ол енді комедия жанрын азайтады, өзі де бұл ойыма солай деп жауап берді.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 134

    Ужастиктердің фанаты емеспін, бірақ арасында денеге жиналған стрессті шығару үшін қарап тұрамын. Ужастиктерді көрген калорияларды кетіреді дегенді оқыған сайын қорқынышты жеңіп қарап жүрмін десем бәрі күлетін шығар, дегенмен бұл дәлелденген.

    Сомен киноға келсем, кино қызықты. Маған таңдалған актерлар ұнады, барлық монахиналардың бәрі әдемі, әдеміліктері бірден көзге түседі. Мыншама әдемілікті ужастик кинодағы монахиналарға қимай қаласың. Кинода бой көрсеткен екі жігітте әдемі, сымбатты. Опшым, киноға тек әдемі актерлар таңдалғаны көрініп тұр.

    Кішкентай кезінен елестерді көретін монах қызды Румынядағы шіркеуде асылып өлген монах қыздың өлімін тексеруге жібереді. Қыз монахиндардың ортасына кіріп шіркеуде не болып жатқанын білуге тырысады. Ол сөйлескен монахин қыздары мен бұрыннан көріп жүрген елестерінің байланысы бар екенін түсінеді. Соңында бұл сөйлескен монахинялардың бәрінің елес екенін түсінеді...

    Киноның желісі, суреттелуі, оқиғасы қызықты. Тарихи стильде түсірілгендіктен кино тарихи киноларды ұнататындарды да баурап алады. Елес ретінде таңдалынып алынған монахинаның образы шынымен адамды қорқытады.

    Кино тек қорқытып қана қоймай, сенің жүйке жүйеңмен де біраз ойнауға бағытталған. Себебі бұл жерде сенімің мен рухыңның мықтылығы сынға түседі.

    Жалпы, мұсылмандарда осындай жын әлеміне деген тиым мықты ма, әлде кино саласы әлі жындар әлеміне мұсылмандық тұрғыдан қарауға әлі жетпеді ме? Мені осы сұрақ толғандырады. Қалай ойлайсыз?

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 134

    Ананың отбасы үшін қорған екенін, ана отбасы үшін бәріне дайын екенін көрсеткен тағы бір жақсы кино.

    Райлидің отбасы үшін кег алу жолындағы іс-әрекеті баяндалады. Қазіргі қоғамға сай, қолына қару алып, білектің күшімен отбасын қырып тастаған жауыздардан кег алады. "Бәрі ақша үшін сатылған қоғамда тек өзіңе, өз күшіңе сен" деген ойды анық жеткізген. Әйел адам қаншалықты нәзік болса, отбасы үшін соншалықты мықты бола алады.

    Дженнифер Гарнер өзі үш баланың анасы болғандықтан, Райлидің рөлін керемет сомдаған. Ананың қиналысы, ананың ауырлығы, ананың мейірімділігі мен әйел адамның қатыгездігін күшті бере алған.

    Киноның сюжеті көбімізге таныс, тіпті бірнеше фильмдерге арқау болған тақырып екенін білсекте киноның өз ерекшелігі бар. Ол қазіргі түсінуге, көруге қорқатын жанрдағы фильмдерден бұрынғы өзіміз білетін қарапайым боебик фильмдердің желісін сақтап тұр. Кино, Дженнифер Гарнердың актерлық шеберлігіне мәз болып, өмірдің әділетсіздігіне тағы бір рет күйініп алуға болатын жақсы туынды.

  • Айкона

    Барлық рецензиялар: 134

    • Мег
    • 2018
    • Рейтинг: 8
    • Дауыс саны: 2

    Джейсон Стэтхэм өзгермейтін крутойлығын тағы бір паш еткен жақсы кино. Бір емес бірнеше рет қарауға тұрарлық фильм. Маған осындай тарих мен ғылымды араластырып түсірген фильмдер ұнайды. Себебі акулалар жайлы біраз ақпарат біліп қалдым, үйге келгесін мегадалон туралы ақпаратты біраз ақтарып тастадым. Сондықтан мұндай ғылыми-фантастикалық кинолардың пайдасы мол.

    Джейсон Стэтхэм стилін түк өзгертпейді-ау. Бірақ сол стилімен бәрін өзіне қаратып алған. Алқаш боп мас боп жатса да мачолығы көрініп тұрады.

    Кино эффектісі жақсы шыққан. Әсіресе кинотеатрдан қараған кезде мегадалон сияқты алыптарды күшті байқауға болады. Табиғаттың сені шынымен қорқыта алатын кереметтері бар екеніне бір уақыт көзің жетеді.