• Біздің парақшалар:
• Ернар Бекенов «Түзету Бюросы» фильміне жазған рецензиясы

• — 1 қыркүйек 2012
• Баға: 9/10

"Бәрі де өз қолымызда..."

Тағдырымыз алдын-ала жазылып қойған, біз тек сол жолмен ғана жүреміз деп жатады көпшілік. Бұл фильмді көріп, басқаша ойлауға да құқың бар екенін сезіне түсесің.

Иә, фильм түрлі ой салды. «Шынымен де, тағдырымызда Жаратушы емес, өзіміз жасаймайтынымызға кім кепіл? ОЛ тек бағыттайтын шығар» - деген ой келеді еріксіз. Әйтпесе, діншілдердің «Барлық іс-әрекетіңнің бәрі алдын ала бұйрылып қойылған. Тіпті сенің қазіргі маған айтқан қарсы сөзің де...» деген бұлтартпас тұжырымдары адамды тығырыққа тірейтіні рас.

Аталған картинаның дінге еш қатысы жоқ. Бірақ дін мәселесін қозғамай өту тағы мүмкін емес. Фильмде Жаратушы бәрін сынға алатынына куә боламыз. Сені өзің қаламаған жолға бұруға тырысады, соның дұрыстығына көндіріп бағады. Содан кейін сені бақылайды: не істейсің – өзің таңдаған жолмен жүресің ба, әлде ОЛ бұйырған жолмен жүресің бе?!

Мэтт Дэймонға бұған дейін де шеберлігі үшін еш мін тақпағам, бұдан кейін оған деген құрметім тіпті арта түседі. Солдат рөлдерімен көзге үйреніп қалған актерді бұл жолы Сенатқа сайланғысы келген саясаткер ретінде көре аламыз.

Сюжеті былай: Конгрессмен Дэвид Норрис әлем алдын-ала жазылған жоспар бойынша жүретінін, ал ол жоспардың орындалуын Түзету Бюросы деген ұйымның адамдары бақылап отыратын кездейсоқ біліп қалады. Түзету Бюросының қызметкерлері ерекше қабілеттерге ие. Сол адамдардың айтуынша, кейіпкер ғашық болған қызбен әрі қарай бірге болу жоспарда қарастырылмаған. Дегенмен, махаббаты үшін Дэвид Жаратушының өзіне де қарсы тұруға дайын. Бюродан сыбайлас тапқан ол, таңдау еркі мен жеке бақыты үшін күреске шығады.

Сюжеті жеңіл, дегенмен бас қатырар сәттер де жоқ емес. Әсіресе, Бюроның адамдары жасайтын іс-қимылдарға орай «ол қалай?» деген сұрақ әбден туындайды. Алайда, тұтастай алғанда қызықты да, тартымды сюжет өз көрерменін баурап аларына сенімдімін. "Inception (Начало)" тектес фантастикалық триллерді ұнататындар үшін "Түзету Бюросы" (The Adjustment Bureau/Меняющие реальность) тағы бір тамаша туынды болмақ. Осы фильмнен кейін сценриін жазып, өзі режиссерлік еткен Джордж Нолфидің басқа да картиналарын көріп шығуға бел будым.

Әдемі операторлық көріністер мен жағымды саундтректерін ерекше атап өту қажет. Бұл да оқиғаларға өзгеше әр бере түседі. Тек үйден көргенде, компьютеріңіздің немесе DVD ойнатқышыңыздың қосалқы дыбыс аппаратуларын қосып қойыңыз. Сонда қосымша тамаша әсер алатыныңызға кепілдік беремін.

Пікірлер

• wh0cd395178 rogaine hair loss augmentin nexium otc celexa desyrel drug click here otc viagra vermox buy valtrex on line more information