• Біздің парақшалар:
  • Айкона «О дүние полициясы» фильміне жазған рецензиясы

    • — 26 шілде 2013
    • Баға: 3/10

    Қандай киноның болсын, әйтеуір бір ойға жетелейтіні анық. Бұл кинода жетелеген ой, адамдар о дүниеден де қаша ала ма? Кино дәлелдегендей қаша алады екен және қашқандарды іздейтін арнайы милицияда бар. Оларды "о дүние департаменті" дейді, қызығы осы өмірде де заң қызметкері ол жақта да осы жұмысын жалғастыра алатындығын да...

    Алтын үшін қасындағы серігі атып өлтірген милиция қызметкері, ана өмірге барып, о дүние департаментіне жұмысқа тұрады. Келісім шарт 100 жыл. Олар о дүниеден қайтқан адамдарды іздеу үшін мына өмірге басқа кейіппен келіп қашқындарды тауып, іздеуге міндетті. Қасына 19 ғасырда өлген заң қызметкері екеуі серік болады. Қызық, құдай әр адамға өлген кезде де мүмкіндік береді.

    Мына өмірге басқа кейіпте келген екеуі, біраз нәрсеге көзі жетеді. Қашқындардың мына өмірде түрі басқа және оларды анықтаудың бір жолы ашты бұрыштар. Ашты бұрыштар иіскеген сәтте өз түрлеріне енеді. Ал өмірден өтіп кеткен, алтыны о дүниеден адамдарды қайтаратын құрылғының бөлшектері екен. Сонымен, ана өмірге бармаған да ол алтынның мақсаты қандай екенін білмес те еді...

    Меніңше әрине қызығып баратын кино емес, бір көруге ғана тұрарлық фильм. Жалпы киноның айтар ойы жоқ, оқиғалар айқаспаған, арзан қол фильм...

Пікірлер