• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Қараңғы бөлме» фильміне жазған рецензиясы

    • — 10 қыркүйек 2013
    • Баға: 7/10

    Махаббатпен ойнама

    Испан киносы қашан да өзіне тән ерекшеліктерімен белгілі. Әсіресе триллер жасаудың шеберлері. Америкалық кинодағыдай қорқытып-үркітуді жөн санамайды. Саспенс типтес интригаларымен-ақ жүйкені жұқартып болады. Әрине, жақсы мағынасында.

    "Қараңғы бөлме" де испан киносына тән өрнектермен айшықталған. "Енді не болар екен" дегізіп, дегбіріңді алғызады.

    Фильм сюжетінде сүйген қызы қызғаныш дертіне шыдай алмай жігітін тастап кетеді. Қоштасып жатуды да құп көрмейді. Жігіті үйде жоқта киімдерін жинайды да, тайып тұрады.

    Әрине, жігіт қиналады. Екі ай қайғырады. Себеп іздейді. Ақыры, таусылмас ойдан шаршайды да бір күні махаббатына қолын бір сілтейді. Күйініштен ішіп алып, бірінші кездескен қызды үйіне алып келіп, өмірін жалғастырмақ болады.

    Бұл уақытта із-түссіз жоғалған қыздың ісімен тергеушілер де айналысып жатқан еді. Негізгі күдік әрине оның сүйген жігітіне түседі.

    Бұндай сюжеттік желіге қарап отырып, әдеттегі бір деңгейлі триллер ғой деген ой келеді. Бірақ бұл біржақты пікір ғана. Көрерменді алда талай қызық күтіп тұр және жоғарыда суреттелген оқиғалар басқа бір адамның көзімен көрсетіледі.

    Режиссердің осындай шешімі шынымен құрметке лайық. Бір оқиғаны бұрып алып келіп, басқаша нәтижеге алып келуі талғампаз көрерменнің көңілінен шығары анық.

Пікірлер