• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Балалық шағымның аспаны» фильміне жазған рецензиясы

    • — 1 қыркүйек 2012
    • Баға: 4/10

    Менен "Қазақстандағы екі жас талантты режиссерді ата" деп сұраса, мен ойланбастан: Олар — Рүстем Әбдірашев пен Ақан Сатаев дер едім. Бірақ «Балалық шағымның аспаны» фильмінен кейін Рүстемге деген жоғары көзқарасым түсіп кетті. Бұл жолы Рүстемнің тым ұсақталып кеткенін, тым төмендеп кеткенін көрдім. Бұл фильм — оның кәсібилігіне сын. 

    Бұл жерде басты кейіпкердің прототипіне деген ұстанған көзқарасымды тықпалаудан аулақпын. Дәл осындай деңгейде «Ел арна», «Хабар» түсіретін телевизиялық фильмдер түсірілуші еді ғой. Қарап отырсақ әдемі туынды түсіруге барлық алғышарттар жеткілікті еді. Бірақ есте қаларлық көркем дүние көре алмадым. Актерлердің ойыны да көңіл көншіте алмады. Сол баяғы тәжірибелі кәрі әртістер ғана фильмнің толықтай күйреуінен аман алып қалған сияқты. Идея іске аспады, жарандар.

    Рүстем, тәуелсіз, мемлекеттік тапсырыстан тыс жұмысқа орал. Өйткені шығармашылыққа бұйрық жүрмейді.

Пікірлер