• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Төбелес клубы» фильміне жазған рецензиясы

    • — 1 қыркүйек 2012
    • Баға: 9/10

    «Адам өзі көрген нәрсені ғана көргісі келеді»

    Осыған дейін өзінің фантазиясына сеніп қалатын кейіпкерлер туралы бірталай фильмдер көріп тастадым: «Заблудившийся», «Остров проклятых», «Ликвидатор»,«Черный лебедь» т.б.

    Адасқан жандар — өзі емес, ішкі жан дүниесі…

    Өзі ойлап тапқан өтірікке өзі сеніп қалу, бәрін ойлап тауып — сол жалған әлемде өмір сүру. Бұл тақырып көрермендер арасында сәтті болғаны рас. Бұндай адамның ішкі дүниесіне қатысты кинотуынды, кинотуынды ғана емес әдебие шығарма да әлі де маңызын жоя қоймас. 

    «Төбелес клубы» осы мини-жанрдың бастамасы ма деп ойлап қалдым. Көрмес бұрын біраз ойландым. Бұл ойлану бірнеше айға созылған болатын. Мені тоқтатқан екі нәрсе еді: Атауы мен шыққан жылы. Атауы жекпе-жек, шаршы алаңдағы айқасқа тән. Шыққан жылы 1999 жыл, кино саласының тоқырауға ұшыраған заманы. Қырғын төбелес пен жарылыстардан тұратын арзан боевиктердің заманы еді ғой ол кез. Ақыры көп ойланып, кешкі сеансымды осы фильмге арнауға бел будым.

    Өкінбедім. Компьютерлік графиканың әдемі көріністері таң қалдырды. Өткен ғасырдың киносы, бірақ қазіргі 3D туындыларынан еш қалыспайды. Сюжеті де жанр дағдарысының кезеңінен деп айта алмайсың. Актерлерге енді айтар әңгіме жоқ. Эдвард Нортон қашан да тамаша актер екенін дәлелдей алды. Жалпы бұл актердің игі жақсы адамды да, қанішер жауызды да өте жоғары деңгейде сомдай алатындығына таң қаламын. Иә, ол актер, иә түрлі рөлдер — оның жұмысы. Сонда да оның өзіне тән бір «изюминкасы» бар. Брэд Питке да мың алғыс. Мін тапқым келсе де, таба алмадым.

Пікірлер