• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Горько!» фильміне жазған рецензиясы

    • — 22 қазан 2013
    • Баға: 7/10

    Өй, сендер той өткізуді білмейсіңдер :)

    Ресейліктер ұсынған  "Горько" фильмін көріп отырып жоғарыдағыдай ой келді. Біз қанша дегенмен қала да тұрамыз, көйлек, жүзік, фотограф, той залын таңдау деген бізге қиындық тудырмайды. Бірақ ауылда той жасауды елестетіп көріңізші...

    Кішігірім қала әкімінің қызы мен жай қарапайым жігіт үйленбекші болады. Әрине, әкім болып бәрін басқарып қалған әке бәрін өзі жасап қызын риза еткісі келеді, бірақ жалғыз қызының қалауын ескергісі келмейді... Нағыз, біздің жағдайға ұқсас иа. Бәрін тұрмыс билегені соншалық армандаған тойың басқаша сценарий бойынша іске аса бастайды.

    Бірақ, су перісі тақырыбында тойын өткізгісі келетін қалыңдық пен жігіт басқа жақта өздері қалағандай ерекше той жасауға қамданып кетеді. Бірақ, бәрінің астан-кестені шығып жатыр...

    Қанша биікке ұмтылсаңда өз болмысыңнан, өзің тәрбиеленген ортаң мен ата-анаңнан аттай алмайсың...

    Кино адамға позитив сыйлай алады, қызықты өте. Тіпті киноның аяғының өрібігеніне қарап, соңы не болар екен деген қорқынышта пайда болады.

    Кино да қарапайым ауыл тойы, қарапайым адамдар, ең сен ұялатын мас туысқандар жайлы анық көрсетілген. Киноны қарап отырып бір қазіргі кезде жоғалып бара жатқан қарапайымдылық пен шынайылық бар. Білмейм, шынайылық дегенім өзім ауылдық болғасын да сондай бір ауылдық нәрсенің иісі шығып тұрғандай...

    Пы.Сы: Күлгім келеді, күздік депрессиядан айырылып, америкалық нәшәр қалжың кинолардан арылғыңыз келсе "Горько" киносына барыңыз дер едім. Рас, мән іздеп, ерекше дүние іздеп емес жәй ғана тойдағыдай көтеріңкі көңіл күйге ие болып қайту үшін... Жәй ғана күліп, көңілді көтеріп қайту үшін киноға барайықшы :)

Пікірлер