• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Капитан Америка: Қысқы жауынгер» фильміне жазған рецензиясы

    • — 2 сәуір 2014
    • Баға: 8/10

    Күніне көрген киноларымыздың әр қайсысы өзімізге әр қалай әсер етіп жатады. Бірі жақсылыққа жетелесе, бірі қиялымызға ерік беруге итермелейді... Қарап отырсам адамзаттың арманы ешкімге мойымайтын, ештемеге сынбайтын, қарусыз да, ешқандай көмексіз ұша алатын, соғыса алатын "суперқаһарман" жасауды арман етеді. Ол әсіресе өз үстімдігін жүргізгісі келетін елдерге керемет қару болар еді, ал қарапайым адамға жақсы көмекші, жақсы құтқарушы да болар еді...

    Кейде деймін де, бізге де бір осындай суперқаһарман керек пе деп ойлаймын, Көкпектідегідей жағдайда мүмкін көмегі тиер ме еді...

    Кеше көрген "Капитан Америка: Қысқы жауынгер" киносының да туындауы да сол арманның жемісі деп ойлаймын, әрине тарихына жүгірмесек те адамдарға соғыс кезінде көмекке келетін суперқаһарман бейнесін жақсы жасай білген.

    Кек алушылар командасының жойқын шайқасынан кейін, Стив Роджерс қазіргі өмірге бейімделуге тырысады. Бірақ, ол өзі өмірге келген кезеңнен қалыптасып қалған түсінігі бойынша қазіргі заманда өмір сүрудің қиын екеннін 1-күннен түсіне бастайды. Адамдардың өз мақсатына бару үшін досын да сатып кетумен қатар өзін өлді санататындай жағдайда екенін бейхабар еді... Әлемді жойып "Гидра" саясатын іске асыру мақсатында барлық қоғамға қауіпті деген адамдарды бірден жойып жіберетін қару ойластырылады. Бірақ, ол қарудан да қауіптісі оның өз досының өзі сияқты супер мықтыға айналғаны...

    Фантастиканы, қырғын төбелесті, жоғарғы технология, Скарлетті жақсы көретін мен үшін бұл кино ерекше ұнады. Атыс-шабыс та, керемет технология да, актерлар да бір-біріне жарасып-ақ тұр. Тіпті арасында айтылған әзілдер де ұнады. Тек атыс-шабыс екен десеңіз қателесіз, ол жерде достық, адамдарға сене білу, махаббат (өз әйелінің қартайған кездегі сезімі), сатқындық, заманға деген көзқараста айқын көрсетілген. Imax-тың әсері туралы айтпай кету де қиын. Меніңше таңдалған актерлардың командасы да мықты:

    Берер бағам, 8/10. Барып көруге рекомендеймін.

Пікірлер