• Біздің парақшалар:
  • qwerty0 «Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильміне жазған рецензиясы

    • — 25 сәуір 2014
    • Баға: 8/10

    Жаңа Өрмекші-адамның жаңасы

    Бардық. Ішіп-жейтін анау-мынау алдық. Сенаста досым екеумізден басқа ешкім жоқ. Басталды.

    Керемет әрі у-шуы бітпейтін Нью-Йорк.

    Көмекке асығып жүрген Өрмекші-адам.

    Сыныптастары соңғы қоңырауда диплом алып, қоштасу сөздерін айтып жатыр.

    Ал Питер Паркер бұзақыларға тойтарыс беруде.

    Оқиға желісі осылайша өрби түседі. Алдыңғы филімге қарағанда, бұл бөлім әлде қайда өзгеше.

    Өзінің сюжеті бойынша бұл фильм осы жылдың үздіктер қатарына енуі әбден мүмкін. (Әрине, бұл болжам ғана. Алда әлі "Икс-адамдар" мен "Хоббит: Сонда және қайта артқа" бар.)

    • Сюжеттің негізін Питер мен Гвеннің қарым-қатынасы құрайды. Питер капитан Стейсиге берген сөзін еш есінен шығара алмайды. Қайда барса да Стейси елестейді де тұрады. Бір күні Питер Гвенге өз ойын ашық білдіреді. Гвен әбден жалыққанын айтып, айырылысуға шешім қабылдайды. Не дегенмен, екeуі бір біріне әлі де ғашық. "Питер ғашық болғанмен -- Гвеннің бағы жанған жоқ..."
    • Сюжеттің кейінгі көп бөлігі он бір жасында әкесінің "кесірінен" шетелге кетіп, енді оралған Питердің досы -- Харри Осборн туралы. Әкесі тұқымқуалайтын дерттен қаза табар алдында, Харриге ол да дәл өзі сияқты дертке шалдығатынын айтады. Осы сәттен бастап Харри өмірі үшін арпалысып, қолындағы бардың бәрін қолданады.
    • Үшінші орында -- Электро. Оскорпта істейтін, лузер, қарапайым аңқау адам. Өз бойындағы"кернеген қуатты" сезінгенде, ол өзіне ұнамағандардың сазайын бермекші болады... (Негізі, Электро, филімнің негізгі зұлымы ретінде, көбірек көрсетілуі керек еді).

    Актерлік құрам өте-мөте сәтті таңдалған:

    • Эндрю Гарфилд Питер Паркердің рөлінде ұяң, ұялшық баланы сомдаған болса, екінші тоқымашыды ол ес жинаған ересек баланың рөлін беске сомдап шыққан.
    • Эмма Стоун Гвен Стейсидің рөлін бірінші филіммен салыстырғанда әлде-қайда жоғары сомдаған.
    • Дэйн ДеХаан ауру әрі есінен адасқан миллионер Харри Осборнның рөлін сәтті кейіптеген. Үшінші бөлімде қайта оралар деп үміттенеміз.
    • Джейми Фокс, ешнәрсе айтпаймын. "Мың рет естігеннен (оқығаннан?), бір рет көрген артық."
    • Және басқалар.

    Филім барысында саундтректер мен музыкалық сүйемелдемелермен бір демалып қалатыныңыз анық!

    Қазақша тәржіма, неге екенін білмедім, Columbia Pictures өнімдерінде Disneyге қарағанда сапасы жағынан сәл төменірек келеді. КЕЛДІ. Бұл жаңа тоқымашыда тәржіма өте сапалы да сәтті шыққaн, алдыңғы филімдермен салыстырғанда. Мен байқаған негізгі факторлар:

    • Күнделікті тұрмыстағы сөздер (мұрынбоқ, қойшей, юху, әй, тсс)
    • Инверсиялар. Қазақ тілінде баяндауыш әрқашан сөйлемнің соңына қалады. Ал ауызша стильде орнын ауыстырып сөйлей беруге болады. Дәл осы тәржімада қолданылған.
    • Синонимдік қатарлар. Бір сөз (кілт сөз емес) қайта қайталанбайды. Мысалы, Питер тәтесіне америка байрағын жуғанын айтады. Ал тәтесі туды неге жуғанын сұрайды. Негізгі пайдасы контекстті қысқартып, ауыз жыбырымен үйлеседі.
    • Тсс.

    Қате тұстары:

    • Питер үлкендерге "СЕН" деп сөйлейді;
    • Тәржімада эмоция аздау;
    • Қалжыңдар қазақ аудиториясына "тәндеу" емес.

    Ал, енді жиған-тергенімді жаздым. Ал филімді барып көріп, лайықты бағасын беру -- Сіздерден. Бұл филімге баруға ақша не уақытты аяуға ешбір себеп жоқ. ;)

     

    P.S. Филімнің алдында "Малефисентаның" қазақша трейлері көрсетіледі.

Пікірлер