• Біздің парақшалар:
  • rakishevaa «Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильміне жазған рецензиясы

    • — 25 сәуір 2014
    • Баға: 6/10

    Жақында қазақ тіліне аударылған "Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат" фильмінің көрсетіліміне бардым.

    Бұл фильм голливудтық фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждау жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 7-ші фильм. Сонымен қатар, қазақ тілі "The Amazing Spider-Man 2"-нің ағылшын, француз, испан, неміс, португалия және орыс тілдерінен кейінгі әлем бойынша аударылған жетінші тіл болды.

    Фильмнің трейлерінен көргендеріңіздей спецэффектілері 3D-дан көрсеңіз аузыңыз ашылып отырып қарайсыз.

    Менің жеке өзіме "Жаңа өрмекші-адам" фильмі ұнаған жоқ. Мен оның алдыңғы бөлімін көрген емеспін. Өйткен ол шыққан жылы Өрмекші адамды Тоби Магуайрден өзге адам ойнауға болмайтындай көрінген еді... Осы жолы жұмыс бабымен барғандықтан бұл фильмді көрудің сәті түсті.

    "Жаңа өрмекші адам" фильмінде маған не ұнаған жоқ?

    Мен негізі кішкентайымнан "Человек пауктың" фанымын. Мультфильмдерін де, киноларын да бір рет емес, 10 шақты рет қайталап көріп, Sega, PlayStation, компьютерде де ойындарын ойнап, оның мүмкіндіктерін біраз сынап тастаған адаммын десем де болады. Бірақ бұл жаңа өрмекшіден бұрыңғы өрмекшімді көре алмадым.

    Иә, басты рөлге таңдалған актерлер Эндрю Гарфилд де, Эмма Стоун да өте сүйкімді. Бірақ менің ойымша бұл рөлдер олар үшін емес. Оларға, нақтырақ айтсам екеуіне де романтикалық киноларда ойнаса ойындары көңілімнен шығар еді... Тек "Человек паукта" емес.

    Өрмекші адамды қазақ тілінде дубляждаған - Мерей Аджибеков. Гвен Стейсиді қазақ тілінде дубляждаған - Әлима Қайырбекова.

     

    Жаңа өрмекші адам фильмінде маған не ұнады?

    Әрине ол Электро! :)

    Макс Электроны мен бұрын соңды қанша киносын көрсемдағы аса мән бермеген, сүйікті мультиктерім "Рио - 1", "Рио - 2", "Ойыншықтарда" сүйкімді кейіпкерлерді дыбыстаған Джейми Фокс сомдайды.

    Электро Өрмекші адамның комиксіндегідей емес, өте керемет шыққан кейіпкер. Әсіресе 3D-да қарап отырсаңыз түрі қорқынышты болғанымен, әдеміііі түсі көздің жауын алады. Оны қазақ тілінде сөйлеткен Walt Disney тарапынан ең үздік дауысты актер болып танылған Азамат Қанапия.

    Ал Гарри Озборнның рөліне таңдалған Дейн Уиильям Деехаанды режиссер Марк Уэбб бұл рөлге өте сәтті таңдаған деп айтар едім. Себебі мульфильмдегі Гарри адамға айналып кеткендей әсер алдым.

    Әрине, "Өрмекші адамның" оригинал нұсқасындағы Гарриді сомдаған Джеймс Франко да өз рөлін жаман ойнамаған еді. Бірақ жаңа нұсқадағы Гарридің рөлі меніңше сәтті шыққан.

    Алайда, "Гоблинге" гримді өте қатты қолданып жіберген бе... Әлде солай болғаны дұрыс паааа... Білмеймін, "Ввва" етіп шыға келгенде қорқытып жіберді.

    Қорытындысында, "Жаңа өрмекші адам - 2" бір реттік фильм деп айтар едім.

    Мүмкін "Жаңа Өрмекші адамның" бірінші фильмін  көргеннен кейін барып екіншісі көрген дұрыс болар ма еді. Білмеймін... Патик, осы жерде сенің пікірің қызыық болып отыр. Мен бірінші фильмді көрмегенім үшін ғана осындай ой қалыптасып отырған сыңды ма? Әлде екіншісін ұнатпаған мен біріншіні де ұнатуым екі талай ма?

    Фильмнің бюджеті

    Алғашқы «Жаңа Өрмекші адам» фильмі 200 млн долларға түсіріліп, 752 млн доллар жиылым жинап, әлемдік кассалық жиылымы өз бюджетінен үш есе асып түскен болатын.

    «Жаңа Өрмекші адам - 2» фильмінің бюджеті 200 млн доллар, ал ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған дубляж құны 80 мың доллар екен. Ал кассалық жиылымы қандай боларын алдағы уақытта біле жатармыз...

    Дубляж:

    Фильмді дубляждау 2013 жылдың қарашасында басталып, дыбыстауға барлығы 30-ға жуық адам қатысқан.

    Саундтрек:

    Фильм музыкасын Фаррелл Уилльямс, Джонни Марр, Майкл Айнзайгер, Эндрю Кошински, Стив Маццыро және Junkie XL-ден құралған "музыканттардың таңғажайып алтылығы" жазған.

    Қазақша және орысша нұсқаларында титрларында ойнатылатын музыка танымал рэпер Бастаның еңбегі.

    МЕНІҢ БАҒАМ

    Сюжет пен актерлер ойыны үшін: 7/10

    Арнайы эффектілер мен компьютерлік графика үшін: 10/10

    Қазақша дубляж үшін: 6/10

Пікірлер