• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильміне жазған рецензиясы

    • — 28 сәуір 2014
    • Баға: 7/10

    Нағыз комиксты және романтиканы ұнататын жігіттерге арналған керемет туынды. Әрі батырлықтан, әрі қыздардың жүрегін жаулаудан сабақ алуға болады. Бірақ, енді сізде ол сияқты мүмкіндік жоқ екенін ұмытпаңыз.

    Питер Паркер ненің жаман ненің жақсы екенін ажырататын, әрі кейде ұлы істер үшін бір нәрседен бас тарту керек екенін білетін кезеңін суреттейтін бұл бөлімде Питерге көп сырдың беті ашылады. 

    Өз махаббатымен әуре боп жүрген өрмекші адам жаңа жауы мен өз досының жауы боп шыққанын білмей қалады. Қызының әкесіне берген уадесімен қызын тастап кетуді ойлап жүрегі ауырып жүрген кезде ол әкесі жайлы құпияның бетін ашады. 

    Жауының бар артықшылығы тоқ жинау қасиеті, Электра өзінің жәй ғана қызғанышының кесірінен өрмекші адамды құртуды ойлайды.

    Кейде адамға көңіл (внимание) жетіспеген кезде ол өз ішінде жаман құбыжықты тәрбиелеп жатқанын білмейді, ол құбыжық мүмкін өмір бойы шықпауы да бірақ шыққан кезде ол адамнан өте сақ болу керектігін ескерткендей...

    Маған ұнағаны "Өрмекші адам 2" нің қазақша аудармасы, аудармада кемшіліктер болса да өрмекші адамның жасына сай дауыстың дұрыс таңдалуы, әрі еркелігін жақсы бере білген. Эмма Стоунның әдемілігіне тәнті болдым. Әрі әдемі, әрі қылықты, әрі батыл.

    Берер бағам 7/10.

    Аудармаға 5/10. 

    Арнайы эффектілер мен компьютерлік графика үшін: 10/10.

Пікірлер