• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Кухня в Париже» фильміне жазған рецензиясы

    • — 28 сәуір 2014
    • Баға: 8/10

    Өзіміз 31- арнадан көріп жүрген "Кухня" сериалының бір бөлігі, жалғасы десе де болады. Соңғы кезде маған орыс киноларын актрелары мен авторларымен бірге көру сәнге айналды :). Алдында Сергей Светлаковпен "Мәскеу-Ресей" жүрдек пойызы" көріп ем, бұл жол "Асхана Парижде" киносын Марк Богатырёвпен көрдім. 

    Кино - асхана мен махаббат туралы. Тура Вика мен Максимнің үйлену тойы күні ресторан бастығы Франция мен Ресейдің президенттерінің түскі астарын өз ресторанында өткізуді ойлайды. Үйленуге қорқып жүрген Максим үшін бұл табылмайтын сылтау болады, бұны білген Вика екеуі екіге айырылысып тынады... Асханадағы кикілжіңнің салдарынан кездесу сәтсіз өтіп, президент ресторанды жапқызып тастайды. Мәскеудегі ресторандарын жауып тастаған соң, бастықтары Парижден жаңа ресторан ашатынын айтып бәрін сонда барып қызмет істеуге шақырады...

    Бар қызық, бар романтика, бар сезім, әке мен баланың өмір бойы айтылмаған сырлары сізді әдемі романтика мен күлкіге бөлейді.

    Берер бағам 8/10. 

    Шым-шытырыққа толы өмірдің бар қызығы мен мәні махабатта екеніне көзіңізді жеткізгіңіз келсе осы киноға баруыңызға кеңес берем!

Пікірлер