• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері» фильміне жазған рецензиясы

    • — 27 мамыр 2014
    • Баға: 7/10

    Менің ойымша, "Люди Икс: Дни минувшего будущего" ескі трилогия осыған дейін қалап кеткен деңгейге жете алмады.

    Жаңа фильмде "Х-адамдар" әлемінің ескі-жаңа қаһармандарын барынша көбірек қамтуға тырысқан. Бәрін сол әрекет құртқан тәрізді: әр кейіпкерді орталықтандырған үзік-үзік моменттер - оқиғалар сабақтастығына залал болып тигендей. Нәтижесінде, ешбір ерліктерімен есте қала алмаған бейшара күйдегі ескі қаһармандар мен ешбір алғышарттық түсіндірмелерсіз жаңадан кірігіп кеткен жаңа мутанттар арасында байланыс орнамай қалды.

    Бірақ Эван Питерстің орындауындағы Сынапты ерекше атау қажет. Жаңа мутанттың дебюті, оны сомдаған жас актердің харизмасы жылы қабылданды. Айтпақшы, бұл кейіпкерді "Кек алушылар 2"-ден де көретін боламыз.

    Бұрын сюжетте қарапайым адамдар көбірек қатыстырылғандықтан ба, оқиғалардан бәрібір сенімді нәрселер көретін едік. Жаңа фильмде футуристік технологиялар мен ақылға қонымсыз әрекеттер "Х-адамдар" әлемін көрермендер қиялынан барынша алыстата түскен секілді.

    Түпнұсқа сюжетімен сәйкеспейтін тұстары да фильмді шынайы қабылдауға кедергісін тигізді.

    Бұрынғы трилогияға құрметім үшін, Майкл Фассбендер мен Джеймс МакЭвой үшін әрең дегенде 7/10 қойдым.

Пікірлер