• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Малефисента» фильміне жазған рецензиясы

    • — 29 мамыр 2014
    • Баға: 7/10

    Ертегі дегенді жақсы көрем, әсіресе оны Disney түсірсе, әсіресе басты рольді Анджелина Джоли сомдаған болса... Бірақ, ескертетін бір жәйт, киноны қазақша және арнайы 3D форматында көріңіз. Егер 2D да көрсеңіз, мен сияқты жыл бойы күткен кайфыңыз бұзылып қалар... 

    Өз әлемінде бақытты өмір сүріп жатқан пері қыз Малефисента адамдар арасындағы қатыгездікті білмеп еді. Бірақ, адамға ғашық болған күннен бастап, ол сатқындықтыңда, қатыгездіктіңде, аяушылықтың да нағыз махаббаттың да дәмін татады. Бірақ, жүрегін басқан жеккөрінішін тек бір ғана нәрсе жеңе алушы еді... Ол- шынайы махаббат. Махаббаттың тек қыз бен жігіт арасында ғана емес, мейіріміңді сыйлаған бар адамға әлемге деген махаббаттың барлығы. Оған сену, оны сезіну білу. 

    Кинода бірден көзге түсетін нәрселер:

    1. Әдемілік


    Анджелина Джолидің әдемілігіне ешкімнің таласы жоқ сияқты. 

    2. Қылықтылық

    Әйел қылықтығы мен актер шеберлігін дәл осы кадрден бірден байқауға болады. Әйелдің әдемілігі мен қылықтығы ешқандай жігітті жәй қалдырмайтыны белгілі. Бұны сөзбен жеткізу қиын, дәл осы кадрды көзбен көру керек.

    3. Мейірім

    Аврораның кішкентай кездерін Анджелинаның өз қызы сомдағандықтан да аналық махаббаты бірден көрініп тұрды, тіпті жамандық ойлап тұрған кездің өзінде мейірім көзінен төгіліп тұр. Сәбидің әдемілігі мен тәттілігі де жақсы берілген. 

    4. Батырлық

    Жеңімпаз, қайсарлық Малефисентаның көзінен-ақ көрініп тұр. Жеңімпаз, табысқа жеткен әйелдердің көзіне тік қараудың өзі қорқынышты, ол сені сол жанары мен-ақ жеңіп кететіндей. Баян Есентаеваның көзіне қарап көріңдерші ))). 

    5. Қазақша аудармасы


    Бағам 5. Маған ұнады, дауыстар сәтті таңдалған. Шынымды айтсам, қазақшаға аударылған фильмдерге барғанда қасымдағы адамды қорқынышпен апарам. Мені қойшы күнде көрем, әрі оның өзінің біз үшін үлкен жетістік екенін білетін. Ал оның қазақ тілді кинодан көңілі қап қалса қайтем? Қайта баруға деген ойына балта шабам ғой. Бұрынғыдай үйлеспеушілік пен сәтсіз аударманы аз байқадым. Құлағыма жағымды әрі мені дауыс арқылы киноға еліктете алды. 

    Балаларыңызды жазғы демалыстың бастамасы ретінде ертіп апарып қуантатын әдемі кино. Иа, біз сияқты ертегіге сенбейтіндерге емес сондай көңілі таза сәбилердің киносы. 

Пікірлер