• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Монаколық Грейс» фильміне жазған рецензиясы

    • — 4 шілде 2014
    • Баға: 8/10

    Танымал киноактриса Грейс Келлидің Монако ханзадасына тұрмысқа шыққанан кейінгі өмірінің бір бөлігіне арналған фильм.

    Мемлекет басындағылардың құпияға толы өмірінің бір құпиясын ашып берген фильм. Киноны түсірер алдында Монако елінің патшасына хат жолданып киноның сюжеті бекітілген, бірақ кино шыққаннан кейін Монако патшасы бұл киноны мойындамайтынын жариялаған. Себебі "кинода тарихи деректер бұрмаланған және шешесі танымал актриса, модель Грейс Келлидің ролі әсерленіп кеткен" деген. 

    Голивудттың танымал актриса, әлемнің мықты актрисаларының жүздігіне енген Грейс Келлиге Монако ханзадасы ғашық болып екеуі отбасын құрады. Монако еліне келгеннен кейін ғана ханзадаға тұрмысқа шығу ертегідей емес екенін түсіне бастаған Грейс қатты қиналады. Тіпті оның әр сөзінен, киім киісінен, шаш қоюуынан оның басқа әлемдікі екенін бірден білініп тұрады. Жарын сүйгендіктен де сол елдің адал ханшайымы болуы үшін Грейске өміріндегі ең сүйікті ісі киноға түсуден бас тартуға тура келеді... 

    Николь Кидман Грейс Келлидің бар эмоциясын бере білген сияқты, мүмкін актрисаның жанын актриса түсінген шығар. Кинодан мемлекет басшыларының үй-ішіндегі қарама-қайшылықтары мен қиындықтары және халықаралық қарым-қатынаста әр нәрсенің маңызды екенін анық көрсете білген. Кино әсерлі. Адамзат тарихындағы ең үлкен үйлену той мен махаббат символы бола білген Келли Грейстің өмірінің белгісіз өмірлік құпиясына қанық боласыз.

Пікірлер