• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «"А"-ға оралу» фильміне жазған рецензиясы

    • — 1 қыркүйек 2012
    • Баға: 5/10

    "А"-ға оралу: бардық, көрдік, қайттық. Ақталмаған үміт

     

    Жоспарлағанымыздай барып көрдік. Алып-ұшқан көңіл мен рухани ләззатқа асыққан сана-сезім кино басталмай тұрып-ақ бұзылды. Афиша сайттарда 3D нұсқада көрсетіледі деп жариялаған кинотеатрымыз фильмді қарапайым форматта беретін болды. Кінәлі тарапты іздеп жатпадық — ақпаратты қате берген сайт кінәлі ма, әлде кинотеатр ма? Оны анықтауға ниет те, жүйке де шыдамас, сірә.

     

    "Жарайды" деген мойынсұнған күймен қарапайым форматтағы сеансқа кірдік. Бәріміз де бұрын соңды болмаған ұлы жаңалықты күткендей экранға телміреміз. Дегенмен, Кончаловский мырзаның туындысы алғашқы минуттардан-ақ көңілге қона қоймады. Себебін алынған ақпарат мида 10 рет қорытылып үлгерсе де айта алмаймын.

     

    Картинада жалпы көрініс деген саусақпен санарлық. Камераның кейіпкердің бетіне тақалып жүретіні сондай, бетіндегі безеу мен "қара нүктелерін" анық көруге болатындай.

     

    Басында көрсетілген көріністерді тартымды сюжетке және оқиғалардың үйлесімділігі мен кезектілігіне апарар алғышарт деп пайымдап едім. Алданыппын. Бір-екі әдемі мини-сюжеттен кейін ұйқы келтірер бірсарынды, мағынасы шамалы (мағынасы болса да, мәні ашылмай қалған) кадрлар кезегіне тап боласыз. Біресе ауғандағы соғыс, біресе ауған соғысының ардагері.

     

    Монтаждалған кезде көп жері "туралып", түсіп қалған шығар деп топшыладым. Әйтпесе, 2 жыл бойы түсірілген фильм осындай болуы керек пе еді? Оқиғадан оқиғаға өту сәттері тым үйлесімсіз.

     

    3D өнім жасау үшін де, осы технологияға арналып әртүрлі эффектілер түсірілуі керек сияқты. Бірақ, фильмнен арнайы эффектіге татитын көріністер таба алмадым. Жасырын жарнамалар мен жас актерлердің жағымсыз ойындары, бекмамбетизмнің кейбір элементтерін көз алдыма елестетті.

     

    Тағы бір жайт. Географиядан хабары бар кез-келген саналы адам Ауған соғысы Ауғанстанда емес, Қапшағай мен Шарын шатқалында жүріп жатқанын анық байқай алады. Қар басқан тым биік таулар мен алып каньондар Ауғанстан үшін тән емес. Яғни, фильмнің шыншылдығына күмән туады.

     

    Нәтижесінде, салдыр-салақ беріле салған киноөнімді көріп шықтық. Ал, бұдан да әдемі, көрікті фильм шығаруға негіз бар еді. Жалпы баға,

     

    10-ның 5-і. "Бес" — жақсы фильм шығаруға тырысқандары үшін.

Пікірлер

  • wh0cd267383 <a href=http://tadalafil.us.com/>cialis online</a>