• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Дұшпан» фильміне жазған рецензиясы

    • — 21 шілде 2014
    • Баға: 7/10

    Әйел - дұшпан. Әйел - өрмекші. Бір шырмалсаңыз, оның тұзағынан шыға алмайсыз.

    Режиссердің айтқысы келгені де осы ма деймін. Әйтеуір маған солай көрінді. Іске аспай қалған армандары (немесе іске асқан, бірақ әйел үшін бәрін ұмытқан) мен мақсаттары үшін өзін екіге бөлген кейіпкер.

    Ойлап қарасаңыз - бәріміздің де басты кейіпкермен ортақ тұстарымыз бар. Тек махаббат (әлде құштарлық) үшін өзгеруге дайынбыз.

    Джейк Джилленхол өзінің шеберлігін тағы бір дәлелдеп берді. Бір фильмде екі адамды, екі мінезді сомдау - қиын, күрделі еңбек екенін біле тұра, оның оң жұмысын бағаламау үлкен қателік болар еді.

    Фильмді бұқаралық кино деуге асықпас едім. Өзінше стиль мен оқиғалар өрбісінің қарқынсыздығы, жалпы атмосфераның тұнжыраңқылығы көрермендер қатарын сирете түсетін шығар. Алайда, оған ден қойып, бар назарын бөлген экран алдындағы әрбір жан өзі үшін бір ой түйері сөзсіз.

    Түйіні де екіжақты, тіпті түсініксіздікке жетелейді. Осы арқылы режиссер, ақырғы қорытуды әр көрермен өзі жасап алсын деген сияқты.

Пікірлер