• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Жасөспірім мутант ниндзя тасбақалар» фильміне жазған рецензиясы

    • — 12 тамыз 2014
    • Баға: 6/10

    Бұрындары мультигін көрмегендерге "ниндзя тасбақалардың" кім екенін танытатын кино.

    Ғалымдардың ғылыми жетістіктерінің салдарынан бір крыса мен 4 тасбақа адам құсап жүріп, төбелесіп, сөйлеп, адам сияқты ойланып қана қоймай заманауи техниканы меңгерген мутанттарға айналады. Кино желісі мультфильм желісінен аздап өзгертілген. Себебі, Шреддер мен Егеуқұйрық қас болуы керек еді, бұл жерде ол оқиға басқаша өрбіген...

    Әрине, Хип-попты ұнататын тасбақалар мен әдемі Меган Фокс киноның сәнін кіргізген. Бірақ киноның желісі шектеулі, барлық супер батырларға арналған кинолар желісіндей жұтаң.

    Балалармен барып көретін бір сәттік фильм, біраз күліп көңіл сергітуге болады.

     

Пікірлер