• Біздің парақшалар:
  • Айкона «ҮМА, немесе Үлкен Мейірімді Алып» фильміне жазған рецензиясы

    • — 1 шілде 2016
    • Баға: 6/10

    Шыны керек, трейлеріне қарап және Стивен Спилберг болғасын мүлдем басқа нәрсе күтіп ем. Үмітім ақталмады, әрине киноның идеясы жақсы, әдемі кадрлар. Бірақ, кино тым ұзақ, ортасында өзіңнің жалығып кеткеніңді түсінесің. Оқиғасы түсініксіз, киноны басынан бастап көріп отсаң да бас жағында бірнәрсені жіберіп алғандай әсерде отырасың. Оқиғаның даму желісінен гөрі картинаның әдемілігіне көп мән беріліп кеткен сияқты. Себебі, картина өте әдемі, тіпті көзіңді ала аламайсың. Оқиғаның "кульминациясы" қашан болады деген оймен отырдым. Уау, дейтін әсер болмады.

    Софидің ролін сомдаған қыз сүйкімді. БДВ сондай мейірімді, дегенмен великандардың тарихы ашылмаған. Неге БДВ ғана жұмыс істеп үйде тұрып, қалғаны неге далада жатады? БДВ деп атап кеткен баланың кім екені белгісіз және оның ағылшын патшайымдарына қатысы не? Сұрақтар көп.

    Ағылшын патшайымымен болған оқиға ұнады, бірақ бір түрлі көрінді. Ертегі фильмге шынайы өмірдегі адамдарды араластыру идеясы жақсы шығар, бірақ үйлеспеген.

    Балаларға БДВның ұнайтыны сөзсіз, бір жағынан адамның қиялында ерік бар ма? Мүмкін, атыс-шабыс көргенше бір уақыт біз сияқты балалықтарында ертегіге сенгендері дұрыс шығар...

Пікірлер

  • Сценарий ортаңқол. Спилберг үшін. Мұндай сценарийді Алмас құрдасым да жазып бере алар еді.
    Үлкендер түгіл балалардың іші пысып кететін сияқты. БДВны тым идеал тым қауқарсыз еткен. Бəлкім дəулердің балаларды ұрлайтынын, жалпы өмірін дұрыстап көрсетсе сіз күткен кульминация да шығып қалар ма еді. Бұл сценарий бойынша бұрын мультфильм түсірілген екен ғой

  • Алғаш Канн фестивалінде көрсетілгенде кәдімгідей сынға ұшырады

  • wh0cd222574 <a href=http://inderal.us.com/>purchase inderal</a> <a href=http://buycytotec.us.com/>buy cytotec</a> <a href=http://nootropil.us.com/>nootropil</a>