• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Спарта» фильміне жазған рецензиясы

    • — 26 тамыз 2016
    • Баға: 8/10

    Кешеден бастап кинотеатрларда "Спарта" атты ресейлік кино көрсетілімге шықты. Рас, ресейлік кинолардың көрермені аз болғанымен жалпы осы фильмге келген адамның көптігі менің көз қарасымды өзгертті. Себебі, кино шынымен жақсы. Спорттағы, өмірдегі, жігіттер арасындағы бәсекелестікке құралған киноның жігіттер жағынан көрерменінің көп болуы әрине заңдылық.

    "Спарта"- дәл бұрынғы өзіміз білетін тарихтағыдай соғыс алаңы, күрес алаңы. Ресейлік режиссердің ұтқаны тұсы шығар, ережесіз жекпе-жекке дәл осындай алаңды таңдап алуы. Екі командада 4 адамнан кезек-кезек төбелеседі. Кім құлайды, соны алаңнан шығарып тастап соңғы адамға дейін төбелестіру. Кім қалады соңында сол жеңімпаз. Николайдың сүікті ісіне оралудың, өз орнының сақтап қалуына көмектесетін жалғыз алаң ол осы болмақ. 3 жылғы үзілістен кейін өз формасына келуі үшін жігіттердің табандылығын көрсететін жақсы фильм.

    Фильмде қазіргі кездегі махаббаттың, достықтың, таныстықтың құнының қаншалықты екенін жақсы бере білген. Жігіттер өмірінің қатегездігін көре аламыз.

    Кино меніңше өте қысқа көрінді, оқиға тез дамиды. Ережесіз жекпе-жекке дайындықтың қалай өтетінін, спортсмендердің уақыты келген кезде қалай ары қарай дамуына болатынын жақсы көрсеткен. Қысқаша айтқанда, нағыз жігіттерский фильм.

    Басты рөлді сомдаған, әрі киноның режиссері Николай Кудряшов өмірде 1999-2000 жылдары ережесіз жекпе-жектен Ресей чемпионы болған екен. Шынымен, киноны көріп отырып джиу-джитсудың приемдарын жақсы жасағынына қарап спортқа қатысы бар деп ойлап ем, солай екен. Былай қарасаң фильм осы актердің өміріне құралған сияқты. Киноның тартымды болып шыққаны да режиссердің бұл спорттан нені көрсетуге болатынын білгендігінен деп ойлаймын.

Пікірлер