• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Бен-Гур» фильміне жазған рецензиясы

    • — 9 қыркүйек 2016
    • Баға: 8/10

    Кино өте сәтті шыққан. Бұрын түсірілген "Бен-Гур" фильмдерін қарамағандықтан да алдыңғы фильмдермен маған салыстыру қиындық тудырады. Дегенмен, Т.Бекмамбетов түсіріген бұл кино менің көңілімнен шықты.

    Маған ұнамаған, түсініксіздеу тұсы кинода екі басты оқиғаның болуы, екі тақырыптың қозғалуы болды. Ол екі бауырдың арасындағы жанжал мен Исустың жазалануы. Екеуін бір кинода байланыстыру қабылдау қиындау болды.

    Кино өте көркем, әрі әдемі шыққан. Бауырлар арасындағы бауырлық сезім, өшпенділік жақсы көрсетілген.

Пікірлер