• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Ғажап әйел» фильміне жазған рецензиясы

    • — 8 маусым 2017
    • Баға: 9/10

    "Чудо-женщина" киносын именно кинотеатрдан көруге кеңес берер ем. Себебі, спецэффектілер кинотеатрдан көрген кезде жақсы байқалады. Галь Гадот пен амазонкалардың әдемілігі адамды бірден баурап алады. Амазонкалардың төбелесі мен олардың тұрып жатқанын аралын суретшілер жақсы бере алған. расымен, жер бетіндегі жұмаққа ұқсайды. Киноның желісі бір қалыпты, адамға түсінікті.

    Галь Гадот, әдемілікпен бірге әйелдің қылықтығын, қайсарлығын, батылдығын, аңқаулығын, эмоциясын жақсы бере алған. Адамды сендіре алады.

    "Крис Пайн түскен фильмдердің барлығында міндетті түрде мотоцикл болуы керек пе?" деген ой келді. Алдында Стартекте түскен кезде де өзінің мотоциклды жақсы айдайтынын көрсетіп еді, мында да өзінің шеберлігін бір паш еткен. Ол жақсы актер, сымбатты. Бірақ, мен "Чем, дальше в лес" фильміндегі "керемет ханзаданың" рөлінде ғана елестетіп тұрам. Сонан соң, оның мойыны қысқа сияқты әсер қалдырады маған. Жалпы, ойыны нашар емес, жақсы.

    Кинода динамика да, махаббат та, достықта бар. Барлық комикстерге тән әзілде жақсы қолданылған. Кино әдемі, әрі қызық. Кеткен ақша мен уақытқа өкінуге болмайды. Қайта көруге қарсы емеспін. Көріңіздер!

     

     

Пікірлер