• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Пойыздағы қыз» фильміне жазған рецензиясы

    • — 8 маусым 2017
    • Баға: 9/10

    Жоғарыда жазылған пікірден ер адам мен әйел адамның бір нәрсені екі түрлі қабылдайтынын байқауға болады. Білмеймін, маған кино өте жақын көрінді. Мен бірінші кітабын оқыдым. Кітапта бір оқиға қайта-қайта сипатталып жатқандай әсерде болдым. Басында шатасып кеттім, киносы бар екенін білгесін киносын қарайын деп шештім. Режиссердың шеберлігі шығар, андай қиын оқылатын кітаптан жақсы кино түсіріп шығу деген. Эмили Блант рөлге сәтті таңдалған, кітапты оқып отырған кезде сондай қыз елестеді маған.

    Мен де басты кейіпкерле сияқты күнделікті көретін адамдарым жайлы көп ойлаймын, ол сияқты мен де біраз үйдің тұрғындарын бақылаймын. Просто мен үшін қызық. Сол себепті де кино мен үшін жақын болған шығар. Жалпы миыңыздың ізденгенін қалайтын болсаңыз киноны көруге кеңес берер ем.

    Рас, адамдар бір көрген адам туралы небір түрлі ой ойлайды. Киноның да мақсаты адамдар жайлы толық білмей жатып сол адамға қатысты ойыңды айтып, шешім шығаруға асықпаған жөн. Тіпті, адамның өзі кейбір жағдайда өзі жайлы толық ақпарат білмеуі мүмкін.

Пікірлер