• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Регистратор» фильміне жазған рецензиясы

    • — 20 наурыз 2018
    • Баға: 8/10

    Өзім қалай 8 қойғаныма таңмын. Дегенмен, кино соған тұрарлық. Неге?

    1. Фильм біркадрлы форматта түсірілген. Біздің Қазақстанда бұл форматта түсірілген алғашқы туынды. Киноға бара жатқан кезде біркадрлы фильм ішпыстырарлық болатын шығар деп ойлағам. Ол ойымның қате болғанын кино басталған сәттен байқадым. Бір кадрдың өзінде фон жақсы таңдалған. Киноның түсірілуі уақыты бар жоғы 9 күнге ғана созылған. Біркадрлы болса да киноның айтар ойы нақты әрі жинақы.

    2. Мейірхан Шерниязов, Медет Аманбаев, Мейржан Түребаев тандемы жақсы таңдалған. Үш жігіттің образы арқылы нағыз қазақ балаларының бейнесін бере алған. Бірі әкімдікте, бірі базар баласы, үшіншісі өз көлеңкесінен қорқатын жігіт образы жақсы ашылған. Мейірхан Шерниязовтың актер, әрі режиссер, әрі сценарист, продюссер екенін білмеппін. Түріне қарасаң қарапайым ауылдың жігіті сияқты.

    3. Әзілдер. Фиьмнің әзілдері ұнады, барынша тізесі шықпаған әзілдерді үйлестіріп қолданған. Ержанды водитель ретінде түсінем. Жұмыстың көлігін бұлғамақ түгілі өз көлігіңді бұлғағандарға жының келеді. Ал ол сондай сабырлы. Негізі әзілдерін көру керек.

    4. Сценарий. Өмірде олай болуы мүмкін емес деген күннің өзінде өмірде бәрі мүмкін. Енді бандиттердің атысы артық шығар, бірақ қиын түйіннің шешілімі сонымен жақсы шешілген. Сценраийде барынша шынайы жағдайлар орын алған. Ұнады.

Пікірлер