• Біздің парақшалар:
  • Нурболат Камалов «Моана» фильміне жазған рецензиясы

    • Моана
    • 2016
    • Рейтинг: 7,833
    • Дауыс саны: 6
    • — 17 мамыр 2018
    • Баға: 7/10

    Моана

    Мен эксперт немесе киносыншы болмағандықтан әр фильм көрген сайын алғаш рет қарап отырғандай әсер алып, аузым ашылып, туындылардың барлық шешімдеріне таңғалып отырамын.

    Моана анимациялық филмі де маған өзіндік әсерін қалдырды.

    Дисней студиясы әдеттегідей керемет жұмыс атқарды. Авторлардың шын жүректен шаруаға кірісіп, барлық детальдарды аса жауапкершілікпен көрерменге жеткізуге тырысқаны көрініп тұр. Рон Клементс және компания танымал. дарынды әрі аса шебер мамандар. Олардың мультфильмдері көпшілікті бала кезімізден бері қуантып келеді.

    Бұл жолы олар компьютерлік анимация көмегіне жүгініп бізге тағы да бір керемет туынды сыйлады. Сценарий тек балаларға ғана емес, ересектерге де қызық болады деп ойлаймын. Фильмде отбасық құндылықтар мен экология мәселелері көтеріледі. Өмірде өз орнын тауып, алға қойған мақсатқа барлық қиындықтарға шыдап жетуге болатыны айтылады. Кейіпкерлердің көз алдындымызда өсіп, дамуына себепкер боламыз. Бұл қаһармандардың мотивациялары мен характерлерінің жұмсақ ауысуына байланысты деп ойлаймын. Өмірлік құндылықтардың қатып қалған қағидасы жоқ. мінез құралдарын реттеу барысында персонаждарды жаңарту авторлардың керемет жетістігі деп санаймын. Клеметс командасы бірнеше айлап Гвиней дәстүрлерін зерттеп, өз жұмыстарына аса ыждағаттылықпен кіріскендері олардың профессионалдығын көрсетеді.

    Режиссерлер осы материалдарды пайдалана отырып көрерменге негізгі ойды түсінікті етіп жақсы жеткізген. Табиғаттың ғажайып көріністері, әр образдың өзіндік харизмасы үйлескен ерекше туынды. Мінездердің де, визуалдың да барлық детальдары адамды экранда болып жатқан ертегіге сендіреді. Фильмнің әр алуандығы, бояулардың қанықтығы ешкімді де наразы қалдырмайды деп сенемін. Сюжеттің тартымдылығы, мейірімділігі жеңіл қорытылады, уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз.

    Мен фильмді қазақша дубляжда көрдім. Аударғандары ұнады, құлаққа жағымды, негізгі ағымнан еш алаңдатпайды, өлеңдер болса тіпті тамаша.

    Басты екі кейіпкерлер жақсы ашылған деп санаймын. Олардың өз плюс және минус жақтары бар, шынайы адам образдарына келеді, ешқайсысы идеал емес. Екінші пландағылар да олардың бейнелерін жақсы толықтырады. Фильмде әркімнің де өз идеологиясы бар, қылықтары, жасаған әрекеттері адамға түсінікті.

    Фильмнің әрбір түйіршіктеріне аса мән берілген. Сырт келбет, киім, шаш үлгісі, татуйровкалар, аксессуалар, табиғат, күн мезгілі, т.б. осындай детальдар бір қайталанбас, жанға ыңғайлы атмосфераның пайда болуына себепкер. Фильмнің музыкасы, әсерлі композициялары адамның жүрегінен орын тауып, жан дүниесін мейірімділікке толтырады.

    Осындай сапалы фильмдер көбірек болса екен. Мен бұл туындыға жұмсаған уақытыма еш өкінбеймін. Әрине, бұл субъективті ой болғандықтан, сіз менімен келіспеуіңіз мүмкін. Басында айтып өтіп кеткендей мен фильмдерді өте қатты жақсы көремін. Сондықтан-да, өздеріңіз көріп. баға беріңіздер. ҰСЫНАМЫН!!!

Пікірлер