• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Дэдпул 2» фильміне жазған рецензиясы

    • — 15 маусым 2018
    • Баға: 8/10

    "Дэдпул 2" - былай қарасаң, кинокомикс, яғни таза көңіл көтеруге арналған попса кино. Бұлардан кино тарихынан орын алатын даңқты туынды күту артық. Бірақ қарап отырып елжірегеннен етің езіліп кетеді. Бұған бірінші кезекте идеал деуге тұрарлық сценарий себеп - "шошайып" кеткен артық ештеңе көрмейсің сюжеттен, бәрі өз орнында, логикалық тұрғыдан бәрі ойластырылған. Әр репликаның, әр қимылдың өз мағынасы бар. Бір ғана сұрақ туындайды: "Сендер бұны қалай істейсіңдер?".

    Актерлік құрам керемет: негізгілерінен бастап камеоға дейін назардан тыс қалмайды. Трейлерде көрсетілген сюжет бүкіл фильмнің үштен бір бөлігінен ғана хабар береді. Қалған үштен екі бөлігі фильмді толық қарағанда ғана ашылады. /Бұл жерде трейлерді жасаушыларға да мадақ сөздер кетуі тиіс/

    Аузына тыным жоқ жендеттің DC-ді келеке қылуы, Marvel мен X-men фильмдеріне ұстаған приколы онсыз да тамаша сюжетке тәтті бонус болып тұр.

    Кинодан бір ғана әсермен шығасың: "Тағы да!"

Пікірлер