• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Суперотбасы 2» фильміне жазған рецензиясы

    • — 19 маусым 2018
    • Баға: 9/10

    Нағыз суперқаһармандар тақырыбы өршіп тұрған кезде сәтті түсірілген мультфильм болды. Мультфильмнің ұтатын жері мында балалардың ерекше суперкүштері болып тұр. Бұл баласы бар үлкенді де, кішкентай көрерменді де баурап алады. Бірақ, 14 жылдан кейін түсірілсе де балалардың үлкеймегені қызық болды. Мультфильмнің алғашқы бөлімінің жәй жалғасы ретінде түсірген. Мен балалар үлкейіп солар туралы болатын шығар деп ойлап барғам. Әсіресе кішкентай сәби Джектің керемет қасиеті мүлдем ерекше ғой.

    Сүйікті қаһармандар қайта оралды, бұл жолы олар арам арбаушының қулығының құрбаны болады. Алайда, супер күштері бар балақайлар ата-анасына көмекке келіп бәрін аман-есен құтқарып қалады. Кішкентай Джектің көмегі көп тиіп, оның суперкүштері сәтті қолданылады.

    "Суперқаһарман болу өз отбасыңа қарай алу" керектігін жақсы жеткізген. Себебі, балаға қарау әйелдің ғана емес еркектіңде мойнына ілінетін жауапкершілік екенін күшті жеткізген. Отбасы- сенің суперістеріңнен де жоғары деген идеяны жақсы жеткізген.

    Мен мультфильмді қазақ тілінде көрдім, аударма сапасы жақсы шыққан. Дыбысталуы ұнады, музыкасы да жақсы берілген. Тек "пішінәй" мен "ням-ням" деген сөздер құлаққа қиындау соқты. Біздің жақта олай айтпағасын маған ұнамады, дегенмен фильмнің өңін аша түскен. Балаға да, үлкенге де әдемі күлкі сыйлап, көңілін көтеріп тастайтын жақсы мультфильм. Көріңіздер!

     

Пікірлер