• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Юра дәуірінің әлемі: Күйреген патшалық» фильміне жазған рецензиясы

    • — 19 маусым 2018
    • Баға: 9/10

    Кино көруге тұрарлық. Орыстарша "дух захватывает" ететін кадрлар өте көп, түсірілім сапасы жақсы. Өзімді бір сәт динозаврлармен бірге өмір сүірп жатқандай күй кештім. Бір емес екі рет кинотеатрдан көріп тастаған адам ретінде айтам ))). Бізді ойланбастан жеп қоятындарды пайдаланғысы келетіндер де, оларды құтқарғысы келетіндер де, оларды трофей санағысы келетіндер де табылатынына көзім жетті. Дегенмен, динозаврлармен бірге өмір сүргім келмейтін сияқты )))) Себебі біздің көлігіміз де, биік үйлеріміз де оларға дым емес екенін түсіндім. Бір күні біреуіне желініп, не біреуінің табанының астында тапталып жатқым келмейді))). Осындай керемет әдемі әсерді сезіну үшін киноны қарап шығыңыз. Дегенмен, ойланбаған әлемге сізді оңай желіктіре алады.

Пікірлер