• Біздің парақшалар:
  • Ернар Бекенов «Шексіз» фильміне жазған рецензиясы

    • — 12 тамыз 2018
    • Баға: 7/10

    100 миллионға кино түсіріп, прокатта құлдырап, сыншылар мен көрермендердің алдында масқара болуға болады. Алайда 1 миллион шығынмен шектеліп, нашар графикасы мен кейбір техникалық кемшіліктеріне қарамастан, талай талқы мен теорияға азық болатын да өнім жасауға болады.

    Инди-киноның өкілдері Джастин Бенсон мен Аарон Мурхед екінші жолды таңдапты. Олар азғантай бюджетпен үлкен киноғалам құрып отыр. Олар өздері режиссер, өздері сценарист, өздері оператор, өздері монтажшы, өздері басты рөлдерді орындаушы. Иә, фильм идеал емес, түс коррекциясына, актерлердің ойынына, компьютерлік графикаға кінәрат артуға болады. Бірақ олар көп мағыналы, түрлі пайымдау мен теорияға себеп болатын, ерекше кино жасап отыр. Біреулер тіпті олардың соңғы жұмысы культқа айналатын фильм деп бағалады. Соншалықты эмоцияға беріліп, қос қолдап қосыла кетуден аулақпын. Бірақ назар аударуға тұрарлық дүние екенін мойындаймын.

    Тәуелсіз, попкорнсыз киноны ұнататындар міндетті түрде көрсін - "Паранормальное" ("The Endless"). Сосын Бенсон мен Мурхедтің дебют жұмысы "Ломка" ("Resolution") фильмнің де бұнымен байланысы бар дейді, сондықтан оны да қоса көру ұсынылады.

Пікірлер