• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Mamma Mia! Тағы да біз» фильміне жазған рецензиясы

    • — 16 тамыз 2018
    • Баға: 9/10

    Нағыз көңіл-күйіңді көтеретін әдемі кино.

    Бұрын мюзиклдың бағасына жете бермейтінмін. Ла-Ла Лендті көргелі мюзиклға жүрегім тартып тұрады. Mamma Mia біріншісін бұрын бір көргенмін, ол кезде түсінбегендіктен болар ұнамаған. Екінші бөлімін қарамаса бұрын, біріншісін қайта қарап шықтым. Неге бұрын ұнатпағам деген ой келді. Себебі, фильм ана мен бала арасындағы махаббатты керемет жеткізген туындының бірі екеніне көзім жетті. Аналық махаббатты сезіну қыздар үшін өте маңызды ғой...

    Mamma Mia фильмінің екінші бөлігінде Доннаның үш түрлі махаббат оқиғасы сипатталады. Донна өмірден өтіп кетсе де қызы анасының арманын іске асырады. Өткенді көрсете отырып, Доннаның образын жақсы аша түседі, Лилли Джеймс нағыз эмоция көрсетуде талант екенін байқатты. Ол өзінің ерекше күлкісі мен әдемілігімен адамды бірден баурап алады.

    Нағыз жаздық көңіл-күй мен анаға деген махаббатты сезіну үшін көруге тұрарлық фильм. Мюзиклдағы орындалған әр әннің сөзі мен музыкасы сізден бірден баурап алады. Тура бір грекияның осы аралында осынау бір бақытты адамдардың ортасында бақытты кезді бірге өткеріп жатқандай күй кешесің. Тіпті бірге билеп, ән салып отырғаныңды байқатпайтын әсерлі кино.

    Актерлар құрамы өте сәтті таңдалған. Актерлар өз рөлдерін аша түскен. Кино қуаныш қана сыйлап қана қоймай сізге мотивацияда береді. Бастысы батылдық екенін түсіндіреді. Армандадың ба?, қорықпа батыл бол!

Пікірлер