• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Жалбыз дәмі» фильміне жазған рецензиясы

    • — 13 қыркүйек 2018
    • Баға: 7/10

    Ананың отбасы үшін қорған екенін, ана отбасы үшін бәріне дайын екенін көрсеткен тағы бір жақсы кино.

    Райлидің отбасы үшін кег алу жолындағы іс-әрекеті баяндалады. Қазіргі қоғамға сай, қолына қару алып, білектің күшімен отбасын қырып тастаған жауыздардан кег алады. "Бәрі ақша үшін сатылған қоғамда тек өзіңе, өз күшіңе сен" деген ойды анық жеткізген. Әйел адам қаншалықты нәзік болса, отбасы үшін соншалықты мықты бола алады.

    Дженнифер Гарнер өзі үш баланың анасы болғандықтан, Райлидің рөлін керемет сомдаған. Ананың қиналысы, ананың ауырлығы, ананың мейірімділігі мен әйел адамның қатыгездігін күшті бере алған.

    Киноның сюжеті көбімізге таныс, тіпті бірнеше фильмдерге арқау болған тақырып екенін білсекте киноның өз ерекшелігі бар. Ол қазіргі түсінуге, көруге қорқатын жанрдағы фильмдерден бұрынғы өзіміз білетін қарапайым боебик фильмдердің желісін сақтап тұр. Кино, Дженнифер Гарнердың актерлық шеберлігіне мәз болып, өмірдің әділетсіздігіне тағы бір рет күйініп алуға болатын жақсы туынды.

Пікірлер