• Біздің парақшалар:
  • Айкона «Монах әйел» фильміне жазған рецензиясы

    • — 21 қыркүйек 2018
    • Баға: 7/10

    Ужастиктердің фанаты емеспін, бірақ арасында денеге жиналған стрессті шығару үшін қарап тұрамын. Ужастиктерді көрген калорияларды кетіреді дегенді оқыған сайын қорқынышты жеңіп қарап жүрмін десем бәрі күлетін шығар, дегенмен бұл дәлелденген.

    Сомен киноға келсем, кино қызықты. Маған таңдалған актерлар ұнады, барлық монахиналардың бәрі әдемі, әдеміліктері бірден көзге түседі. Мыншама әдемілікті ужастик кинодағы монахиналарға қимай қаласың. Кинода бой көрсеткен екі жігітте әдемі, сымбатты. Опшым, киноға тек әдемі актерлар таңдалғаны көрініп тұр.

    Кішкентай кезінен елестерді көретін монах қызды Румынядағы шіркеуде асылып өлген монах қыздың өлімін тексеруге жібереді. Қыз монахиндардың ортасына кіріп шіркеуде не болып жатқанын білуге тырысады. Ол сөйлескен монахин қыздары мен бұрыннан көріп жүрген елестерінің байланысы бар екенін түсінеді. Соңында бұл сөйлескен монахинялардың бәрінің елес екенін түсінеді...

    Киноның желісі, суреттелуі, оқиғасы қызықты. Тарихи стильде түсірілгендіктен кино тарихи киноларды ұнататындарды да баурап алады. Елес ретінде таңдалынып алынған монахинаның образы шынымен адамды қорқытады.

    Кино тек қорқытып қана қоймай, сенің жүйке жүйеңмен де біраз ойнауға бағытталған. Себебі бұл жерде сенімің мен рухыңның мықтылығы сынға түседі.

    Жалпы, мұсылмандарда осындай жын әлеміне деген тиым мықты ма, әлде кино саласы әлі жындар әлеміне мұсылмандық тұрғыдан қарауға әлі жетпеді ме? Мені осы сұрақ толғандырады. Қалай ойлайсыз?

Пікірлер